Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы          № 487/64-8          10 сәуір 2026 жыл

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

алпыс төртінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы.

Ақпарат беруші: Калдыбеков Медет Сапарбекович, Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы.

2. Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгуль Укиметовна, Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева   

Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 487/64-8 шешімі
Дата публикации
13 апреля 2026