«Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы _____ № ______ қаулысына және Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы _____ № _____ шешіміне түсіндірме жазба
«Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы ______ № _____ қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы _____ № _____ шешімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерді атау, қайта атау кезінде, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын нақтылау және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес және 2025 жылғы 08 желтоқсандағы Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылындағы Черемушки және Элеваторная көшелері тұрғындарының қатысуымен өткен жергілікті қоғамдастық жиналысының №7 хаттамасы негізінде әзірленді.
Целиноград ауданы әкімдігі қаулысының және Целиноград аудандық мәслихаты шешімінің мақсаты Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылындағы Черемушки көшесінің жеке үйлер орналасқан бөлігін Жеңіс Байғабұлұлы Күптенов көшесіне, Элеваторная көшесінің 2 қатарын Мадьяр Амангелдіұлы Қожанов көшесіне қайта атау туралы ұсыныс енгізу. Аталмыш көшелерге қызметтік борышын атқарған кезде қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің есімдерін беру жастардың патриоттық тәрбиесі мен жас қызметкерлердің парыз бен жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу шеңберінде жүзеге асырылады.
Экономикалық есептерге сәйкес өткізілетін өзгерістер (атау беру) бойынша шығындар 152 500 (жүз елу екі мың бесжүз) теңгені құрайды, оның ішінде:
1. Ақмол ауылдық округіндегі Ақмол ауылының Черемушки көшесінің жеке тұрғын үйлер орналасқан бөлігінде 90 000 (тоқсан мың) теңге соммасындағы 36 дана аншлагтар (мекенжай жазылған маңдайша) орнату;
2. Ақмол ауылдық округіндегі Ақмол ауылының Элеваторная көшесінің 2 қатарында орналасқан жеке тұрғын үйлерге 62 500 (алпыс екі мың бесжүз) теңге соммасындағы 25 дана аншлагтар (мекенжай жазылған маңдайша) орнату.
Жоғарыда айтылғандарды және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика жөніндегі жұмыс тобының 2026 жылғы 07 қаңтардағы хаттамалық шешіміне сәйкес Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылындағы Черемушки көшесінің жеке үйлер орналасқан бөлігін Жеңіс Байғабұлұлы Күптенов көшесіне, Элеваторная көшесінің екінші қатарын Мадьяр Амангелдіұлы Қожанов көшесіне қайта атау туралы ұсыныс Ақмола облысының ономастика комиссиясының қарауына енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали
Целиноград
аудандық мәслихатының
төрағасы Л. Конарбаева