Ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Целиноград аудандық мәслихатының шешімдерінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы

ЖОБА

 

Целиноград ауданы мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы                              №                            2026 жыл

 

 

Ауылдық елді мекендердің

бас жоспарларын бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

шешімдерінің қолданылуын

уақытша тоқтату туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, елді мекендердің аумақтарын кешенді және тұрақты дамыту, жерді ұтымды пайдалану мақсатында Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ауылдық елді мекендердегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерлерді сумен және электр желілерімен қамтамасыз ету, елді мекендердің қала құрылысы жобаларын түзету, жергілікті тұрғындардың жерді басқа мақсаттарға пайдалану қажеттілігін белгілеу, өзге де проблемалық мәселелерді шешу мақсатында жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, саяжай құрылысы үшін берілуі мүмкін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріндегі тұрғын үй функционалдық аймағы (шаруашылық қожалығы), қала құрылысы жобаларының жеке тұрғын үй құрылысы аумақтары бөлігінде ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің қолданысы осы шешімнің қосымшасына сәйкес уақытша тоқтатылсын.

2. Бұл шешім ол күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    Л. Қонарбаева

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Целиноград ауданының әкімі

___________ Д.Сабырғали

___________ 2026 ж.

 

Целиноград ауданының

«Сәулет және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

 ___________ Д.Тулеубеков

 ___________ 2026 ж.

 

Целиноград ауданының

«Жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

____________ С.Айдарқұлов

____________ 2026 ж.

 

Целиноград аудандық мәслихатының

2026 жылғы _________

№ _________________

шешіміне қосымша

 

Ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тұрғын үй функционалдық аймағы (шаруашылық қожалығы) және жеке тұрғын үй құрылысы аумақтары бөлігінде қолданылуы тоқтатыла тұратын шешімдерінің тізбесі

 

1. 2007 жылғы 6 қарашадағы № 18/4-4 «Ақмол, Қараөткел, Софиевка, Қаражар, Қажымұқан, Қызылжар елді мекендері аумақтарының салу Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

2. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 199/29-4 «Қызыл Суат, Аққайын, Шұбар ауылдарын салудың Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

3. 2012 жылғы 28 маусымдағы № 44/6-5 «Целиноград ауданының Қабанбай батыр, Арайлы, Ыбырай Алтынсарин елді мекендерінің Бас жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

4. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 330/47-5 «Целиноград ауданының Нұресіл, Раздольное, Жаңа Жайнақ, Ынтымақ, Тоңкеріс, Өтеміс, Жаңажол, Рахымжан Қошқарбаев ауылдарының салу Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

5. 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 272/39-6 «Целиноград ауданының ауылдарының салу Жалғызқұдық, Жарлыкөл, Жаңаесіл, Оразақ, Отаутүскен, Ақжар, Родина, Қарамеңді Батыр, Тасты Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

6. 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 218/34-3 «Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарының салу Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі;

7. 2020 жылғы 20 қазандағы № 447/67-6 «Целиноград ауданының Жайнақ станциясы салу Бас жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының шешімі.

Шешім жобасы
Дата публикации
07 апреля 2026