Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы        № 485/63-8       27 наурыз 2026 жыл

 

Целиноград ауданы әкімдігінің

жанындағы мүгедектерді әлеуметтік

қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің

дербес құрамын бекіту туралы   

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы                    16 наурыздағы № 03-41/625 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Целиноград ауданы  әкімдігі  жанындағы  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау саласындағы  Үйлестіру  кеңесінің дербес  құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 05 тамыздағы № 372/48-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

                                

Целиноград аудандық                   

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

                                                   

Целиноград аудандық мәслихатының

2026 жылғы 27 наурыздағы

№ 485/63-8 шешіміне қосымша

 

Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы    

Нуртазин

Аскар Айтмухамбетович

Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Назарова

Светлана Пайзуллаевна

 

«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек көрсету сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

 

 

Архабаева

Марал Жаксылыковна

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);

 

Каратаев

Турар Батыргалиевич

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);

 

Капанов

Амангельды Шаукенович

 

«Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Смагулова

Маржан Омаровна

«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

Тиісті ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (қажеттілігіне қарай)

Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы
Дата публикации
01 апреля 2026