Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы       № 467/62-8        16 наурыз 2026 жыл

 

Целиноград аудандық мәслихатыны

Целиноград ауданы әкімдігі

жанындағы арнайы

комиссияның дербес

құрамын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 03-47/613 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 05 тамыздағы № 371/48-8 «Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

          Целиноград аудандық                  

         мәслихатының төрағасы                     Л. Конарбаева

 

                                                            

Целиноград аудандық мәслихатының

2026 жылғы 16 наурыздағы

№ 467/62-8 шешіміне қосымша

 

Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамы

Нуртазин

Аскар Айтмухамбетович

Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Ибраева

Дина Магипияновна

«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

 

 

Архабаева

Марал Жаксылыковна

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);

 

Каратаев

Турар Батыргалиевич

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);

 

Капанов

Амангельды Шаукенович

№ 2 сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша);

 

Кенжибеков

Гумар Серикович

Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің пробация қызметі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

 

Маренова 

Гульнара Кеншиликовна

 

Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Целиноград ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы (келісім бойынша);

Смагулова

Маржан Омаровна

«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы;

 

Тиісті ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (қажеттілігіне қарай)

Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 наураздағы № 467/62-8 шешімі
Дата публикации
17 марта 2026