Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс екінші сессиясының күн тәртібі туралы

 Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы       № 465/62-8        16 наурыз 2026 жыл

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

алпыс екінші сессиясының

күн тәртібі туралы

              

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші:  Смагулова Маржан Омаровна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

2. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Смагулова Маржан Омаровна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

3. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші:  Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева   

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс екінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
17 марта 2026