Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 464/61-8 26 ақпан 2026 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселелер туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі негізгі мәселелер енгізілсін:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.
2. 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева