Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 461/61-8 26 ақпан 2026 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезекті
алпыс бірінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті алпыс бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград аудандық мәслихат төрағасының атқарылған жұмысы туралы есебі туралы.
Баяндамашы: Конарбаева Лязат Амангельдиновна, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы.
2. Целиноград ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Нурмуханова Асылайм Сериковна, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева