Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 449/59-8 12 ақпан 2026 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
елу тоғызыншы сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының басқару сызбасын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Алимбаев Кайрат Адильханович, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр Жумабаевич, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева