Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының

ҚАУЛЫСЫ

 

Ақмол ауылы   № 02-03/190  17 желтоқсан 2025 жыл          

         

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының

2026 жылға арналған перспективалық

жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қоса берілген 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларына (Сабитова Г.Г., Капанов А. Ш.,  Рымкулов Б.Б.) жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

          

Целиноград аудандық                                                     

мәслихаты тұрақты                                                 

комиссияларының төрағалары                    Г. Сабитова

                                                                                     А. Капанов

                                                                                     Б. Рымкулов

 

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының

2025 жылғы 17 желтоқсандағы

№ 02-03/190 қаулысына қосымша

 

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

 

2026 жылы Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланады:

 

1. Экономика және бюджет мәселелері бойынша

                                                                                                               1-тоқсан                                                                                                               

1. Целиноград ауданының салықтық әкімшілендіруді жақсарту және бюджет кірістерін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы

(«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Каршига Амантаевич Уразалиновтің есебі).

 

2-тоқсан

 

2. 2025 жылға арналған аудан бюджетінің, 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы (талдамалық анықтамаларды талдау және қорытынды дайындау)

(«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. С. Беркееваның есебі, тұрақты комиссияның қорытындылары).

 

3-тоқсан

 

3. Целиноград ауданының кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдаудың қабылданып жатқан шаралары туралы.

(«Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгуль Науановна Рашитованың есебі).

 

4-тоқсан

 

4. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы.

5. Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасы туралы.

2026 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді қарау.

1-4-тоқсандар

 

6. Кезекті сессияға негізгі мәселені дайындауға қатысу (анықтамалар, қосымша баяндамалар)

Комиссия отырысында сессияның қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.

 

2. Әлеуметтік мәселелер, зандылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика бойынша

 

1-тоқсан

 

7. Целиноград ауданында денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы

(«Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Марал Жаксылыковна Архабаеваның есебі)

 

2-тоқсан 

                                                                                                               

8. Целиноград ауданы бойынша қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті қорғаудың жай-күйі туралы есеп.

(«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Целиноград ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ерболат Бекбулатович Карипбаевтың есебі).

                                                                                                                 3-тоқсан

                                                                                                               

9. Целиноград ауданының мансаптық орталығының жүргізіліп жатқан жұмысы туралы.

(Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Ақмола облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Целиноград ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры Динара Сабитовна Умарованың есебі).

                                                                                                      

4-тоқсан

                                                                                        

10. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

(ұсынылған кандидатураларды талқылау және тиісті қорытындылар қабылдау).

(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Толқынбектің ақпараты).

11. Депутаттардың халық алдындағы депутаттық өкілеттіктердің орындалуы және сайлау алдындағы бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері.

12. Тұрақты комиссияның 2027 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарының жобасын талқылау.

                                                                                                        

1-4-тоқсандар

 

13. Кезекті сессияға негізгі сұрақтарды дайындауға қатысу (анықтама, қосымша баяндама).

Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.   

 

14. Сайлаушылардың өтініштері бойынша депутаттық әдеп мәселелерін қарау.

 

3. Аграрлық мәселелер бойынша, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері бойынша

 

1-тоқсан

 

15. Целиноград ауданының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінің жұмысы туралы.

(«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы Целиноград ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Темирхан Кошмаганбетович Аубакировтың есебі)

 

2-тоқсан

 

16. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы

(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Омар Сейсултанович Абуовтың есебі)

 

3-тоқсан

 

17. Целиноград ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы.

(«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Целиноград аудандық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Кайрат Сейтжанович Садауовтың есебі)

 

4-тоқсан

 

18. Целиноград ауданының аумағында жер учаскелерін пайдалану жағдайы және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы.

(«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Султан Айдаркулулы Айдаркуловтың есебі)

 

1-4 тоқсандар

 

19. Мемлекетмұқтажыүшін жер учаскелерінсатып алу туралышарттардыңжобаларынқарау, кезектісессияларғанегізгімәселелерді(анықтамаларды, қосымша баяндаманы) дайындауғақатысу.

 

20. Кезектісессияларға(анықтамалар, қосымша баяндама)негізгімәселелердідайындауғақатысу.

Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.

4. Ұйымдастыру іс-шаралары

21. Ең маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Депутат күндері», дөңгелек үстелдерді, Целиноград ауданының тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша көпшілік тыңдаулар өткізу.

1-4-тоқсандар

 

22. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулері.

кестеге сәйкес

 

23. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:

1) сессия жұмысына және оны  дайындауға қатыссын, қажет болғанда сессия отырыстарының күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізуге;

2) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының, сондай-ақ сыни ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Олардың орындалу барысы туралы сессиялар мен комиссиялар отырыстарында мерзімді ақпараттандырылсын.

1-4-тоқсандар

 

24. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары әрдайым өз сайлаушыларымен байланыста болып, олармен өзінің сайлау округтерінде кездесулер өткізсін, оларға мәслихат жұмысы туралы үнемі ақпарат беріп, қоғамдық пікір мен халық мұқтаждарын зерделесін, үкіметтің атқару органдарына сұраныстар мен ұсыныстар енгізсін.

ұдайы

 

25. Сайлаушыларды өздерінің жұмыстары мен аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру үшін «Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» аудандық газеттерінің, интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.

ұдайы

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
29 декабря 2025