Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 417/55-8 17 желтоқсан 2025 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
2026 жылға арналған перспективалық
жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Жұмабайға жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 417/55-8 шешіміне қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары
1-тоқсан:
1. Целиноград аудандық мәслихаты төрағасының атқарылған жұмыс туралы есебі.
наурыз
2-тоқсан:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
2. 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
мамыр
3-тоқсан:
1. Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.
тамыз
4-тоқсан:
1. 2027-2029 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
2. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі
3. 2027-2029 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері туралы
желтоқсан
Бұрын қабылданған шешімдердің, сессияларда айтылған сыни ескертпелер мен ұсыныстардың, аудандық мәслихаттың негізгі қызметтерінен туындайтын депутаттық сауалдар мен өзге мәселелердің орындалу барысы туралы ақпарат сессияларда мерзімді қаралсын.