Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы                               № 418/56-8                   19 желтоқсан 2025 жыл

     

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

елу алтыншы сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

2. 2026 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

3. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі туралы.

4. 2026 жылға арналған Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту, оны ұстау үшін шығыстар мен Целиноград аудандық мәслихаттың қызметін қамсыздандыру туралы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева   

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
23 декабря 2025