Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 393/51-8 22 қазан 2025 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
елу бірінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 113/16-8 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 232/39-7 «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева