Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілу күні мен уақыты:
23 шілде 2025 жыл
сағат: 15.00
Өткізілу орны:
Аудан әкімі аппаратының
мәжіліс залы, Ақмол ауылы
Қоғамдық кеңестің отырысын Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков ашып, жүргізеді.
Отырыс хатшысы – Хаметова Айдана Бейбітқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері мен шақырылғандар!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес перспективалық жұмыс жоспарына сай Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңестің 15 мүшесінің 9-ы келді, дәлелді себептермен 6-ы келмеді.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысын ашық деп жариялау үшін дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы ашық деп жарияланады.
Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Толқынбек Ж.Т., Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Қонарбаева Л.А., Қоғамдық кеңес мүшелері, жеке бөлім басшылары, ауылдар және ауылдық округ әкімдері, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды талдау жөніндегі бас маман, БАҚ өкілдері шақырылды.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері мен шақырылғандар!
Қоғамдық кеңес талқылауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «Ауданда қазақ тілін жаңғырту, тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілдің рөлін арттыру»
Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Үкіметқызы, «Целиноград ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2. «Әкімдік бөлімдерінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы».
Ақпарат беруші: Жанұзақ Азамат Болатұлы, «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; Айдарқұлов Сұлтан Айдарқұлұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
3. «Целиноград ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жөніндегі 2025 жылдың 1-жарты жылдығындағы қорытындылар туралы
Ақпарат беруші: Мухамедиянова Дильназ Ерікқызы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсынылуын талдау жөніндегі бөлімнің бас маманы.
Осы күн тәртібі бекітілсін дегендеріңіз, дауыс беріңіздер.
Кім қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Күн тәртібі бекітілді.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Құрметті шақырылғандар!
Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарауға көшеміз.
«Ауданда қазақ тілін жаңғырту, тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілдің рөлін арттыру»
Осы мәселе бойынша ақпарат беру үшін «Целиноград ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Үкіметқызы Суюнжановаға сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Мәселені талқылауға Қоғамдық кеңес төрағасы Сабыкенова Б.А., Қоғамдық кеңес мүшелері Бижанов А.А., Бралин Е.А., ауылдық округ әкімдері қатысты. Сұрақтар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қатысты болды. Қоғамдық және іскерлік салаларда, мемлекеттік органдар мен білім мекемелерінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру мақсатында Целиноград ауданы үшін бюджеттік қаражаттардың бөліну мүмкіндігі туралы мәселе қаралды. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қазақ тілін дамыту және қолдау – бұл мәдени міндет қана емес, сондай-ақ мемлекеттік стратегиялық басымдығы екендігін атап өтті. Тілдік ортаны құру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сонымен қатар жастар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында оны үйренуге ынталандыруды арттыру шаралары талқыланды.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Ауданда қазақ тілін жаңғырту, тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілдің рөлін арттыру туралы» «Целиноград ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Үкіметқызы Суюнжанованың баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылуна мониторинг пен бақылау жүзеге асырылсын.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Құрметті шақырылғандар!
Күн тәртібінің екінші мәселесін қарауға көшеміз.
«Әкімдік бөлімдерінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы».
Ақпарат беру үшін «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Болатұлы Жанұзаққа сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға Сабыкенова Б.А:
Азамат Болатұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Сұрақтар болған жоқ.
Целиноград ауданының Қоғмамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Болатұлы Жанұзақтың «Әкімдік бөлімдерінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы» баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын жалғастырсын.
«Әкімдік бөлімдерінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы».
Ақпарат беру үшін «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сұлтан Айдарқұлұлы Айдарқұловқа сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға Сабыкенова Б.А:
Сұлтан Айдарқұлұлына қандай сұрақтарыңыз бар?
Бралин Еріик Алмасұлы, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Қоянды ауылында және оның айналасында бос жер телімдері жоқ, бірақ кейбір адамдар жерді сату туралы хабарландырулар таратады. Осыған байланысты, осы елді мекенде жерді бөлуге немесе сатуға қатысты мәселелерді қарау кезінде болашақта ықтимал жағымсыз салдарларды болдырмау үшін жергілікті қоғамдастық мүшелерімен іс-әрекеттерді келісуді ұсынамын.
Айдарқұлов Сұлтан Айдарқұлұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:
Қазіргі таңда Қоянды ауылындағы жерлер тек кезекте тұрған азаматтар арасында ғана үлестіріледі. Жер телімдері бас жоспарды ескере отырып таңдалады: талдау жасалады, олардың су басу қаупі бар-жоғы талданады. Бөлу рәсімі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің және тиісті комиссияның мүшелері болып табылатын ауыл әкімдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Сабыкенова Бибігүл Алпысбайқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Құрметті әріптестер! Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланыламайтын жер телімдеріне Жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент арқылы тексеріс жүргізуді сұраймын.
Айдарқұлов Сұлтан Айдарқұлұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:
Біздің бөлім үнемі пайдаланылмайтын немесе мақсатсыз пайдаланылатын жер телімдеріне барып, қадағалау жүргізетіндігін айта кету керек. Жер телімдерін меншік иелері және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп алып қою сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ол үшін жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар сотқа тиісті талап-арыз береді.
Бұл ретте жер телімін нысаналы пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін бір жыл мерзім белгіленеді. Бұзушылықтарды жоюға жер пайдаланушыға жер телімін мақсаты бойынша пайдаланбау немесе жер заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай беріледі.
Бижанов Абылайхан Амантайұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Мемлекеттік тілдегі құжат айналымына келетін болсақ, пайызбен есептейтін болсаңыз, онда бөліміңіздегі құжаттардың қанша пайызы мемлекеттік тілде, ал қанша пайызы орыс тілінде жүргізіледі?
Айдарқұлов Сұлтан Айдарқұлұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:
Біздің бөлімде құжат айналымының шамамен 90 % мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Өтініштерге берілетін жауаптар арыз берілген тілде ұсынылады. Мемлекеттік органдармен құжаттармен алмасу негізінен мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Дидар Оралбекұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Азаматтар жер телімін алу үшін өз кезектерін тексеріп отыру үшін қандай тәсілдер көзделген? Ақпараттың жаңарту қандай мерзімде жүзеге асырылады? Белгіленген стандарттарға сәйкес қандай шаралар қабылдануда?
Айдарқұлов Сұлтан Айдарқұлұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:
Азаматтарды ақпараттандыру мақсатында біздің бөлімнің жанынан стенд орналастырылды, онда қандай мемлекеттік қызметтер көрсетілетіні және қандай мерзімде көрсетілетіні егжей-тегжейлі көрсетілген. Ақпарат өзгерген сайын тиісті жаңартулар стендке де, интернет-порталға да уақтылы енгізіледі.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Сұлтан Айдарқұлұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Сұрақтар жоқ.
Целиноград ауданының Қоғмамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Султан Айдарқұлұлы Айдарқұловтың «Әкімдік бөлімдерінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы» баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы сақтау бойынша білімдерін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Құрметті шақырылғандар!
Күн тәртібінің үшінші мәселесін қарауға көшеміз.
«Целиноград ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жөніндегі 2025 жылдың 1-жарты жылдығындағы қорытындылар туралы
Ақпарат беру үшін «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсынылуын талдау жөніндегі бөлімнің бас маманы Дильназ Ерікқызы Мұхамедияноваға сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға Сабыкенова Б.А:
Дильназ Ерікқызына қандай сұрақтарыңыз бар?
Қоғамдық кеңес мүшесі А.А. Бижанов Оразақ ауылы әкімдігінің материалдық-техникалық қамсыздандыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Оразақ ауылдық округі әкімдігінде пайдаланылатын компьютерлік техника ескірген және жаңалауды қажет етеді. Осыған байланысты әкімдік жұмысының тиімділігін және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында оны жаңғыртуға бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсынылуын талдау жөніндегі бөлімнің бас инспекторы Дильназ Ерікқызы Мұхамедиянованың баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында атқарылатын жұмыс туралы тұрақты бақылау жүзеге асырылсын.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Тағы сұрақтарыңыз бар ма?
Бижанов Абылайхан Амантайұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Целиноград ауданы Мәдениет үйінде өткен жиналыста мен заңсыз карьерлерді бақылау бойынша комиссия құру қажеттілігі туралы мәселені алға тарттым. Бұл мәселені қараусыз қалмас үшін жақын отырыстардың бірінің күн тәртібіне енгізуді сұраймын. Сонымен қатар, аудандық және облыстық деңгейдегі ветеринарлық мамандардың қатысуы маңызды деп санаймын - ауру құлындар туа бастағандықтан, нақты диагнозды анықтау мүмкін емес. Экологиялық факторлардың ықтимал әсерін ескере отырып, отырысқа «Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдерін шақырған жөн деп санаймыз. Бұл мәселенің назардан тыс қалмауы маңызды.
Төраға Сабыкенова Б.А:
Жақын арада уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен жоғарыда көрсетілген мәселелер қаралатын болады.
Құрметті шақырылғандар!
Төраға Сабыкенова Б.А:
Құрметті әріптестер!
Күн тәртібінің барлық мәселелері қаралды. Қандай ескертулер, ұсыныстар бар? Жоқ.
Осымен, Қоғамдық кеңес отырысы жабық деп жарияланады.
Қатысқандарыңызға алғыс білдіремін.
Целиноград ауданы
Қоғамдық кеңесінің
төрағасы Б. Сабыкенова
Целиноград ауданы
Қоғамдық кеңесінің
хатшысы А. Хаметова