Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілу күні мен уақыты:
5 қыркүйек 2024 жыл
сағат: 11.00
Өткізілу орны:
Аудан әкімі аппаратының
мәжіліс залы, Ақмол ауылы
Қоғамдық кеңестің отырысын Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков ашып, жүргізеді.
Отырыс хатшысы – Хаметова Айдана Бейбітқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері мен шақырылғандар!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңестің 15 мүшесінің 12-сі келді, дәлелді себептермен 3-і келмеді.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысын ашық деп жариялау үшін дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы ашық деп жарияланады.
Қоғамдық кеңес отырысына Целиноград ауданының әкімі Д.С. Сабырғали, әкімінің орынбасарлары А.К. Айткужинова, А.А. Нұртазин, аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Т. Толқынбек, ауылдар және ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, жеке бөлім басшылары, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Целиноград ауданы филиалының директоры, Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды талдау жөніндегі бас инспекторы, БАҚ құралдары.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері мен шақырылғандар!
Қоғамдық кеңес талқылауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, жылумен жабдықтау ұйымдарын, тұрғын қоры мен әлеуметтік-мәдени мақсатындағы нысандарды 2024-2025 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындау барысы туралы».
Баяндаушы: Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы.
2. Мемлекеттік жастар саясатын, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іскес асыруға, «Бастау Бизнес» оқуларына шағын несиелендіру мен гранттар алу туралы.
Баяндаушылар: Қалықова Мақпал Сағынбайқызы, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бас маманы.
Тулешов Ерұлан Сәбитұлы, Ақмола облысы кәсіпкерлер Палатасының Целиноград ауданы филиалының директоры.
Маймақова Айнұр Азаматқызы, Целиноград ауданы мансаптық орталығы директораның м.а.
3.Целиноград ауданында бизнес және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну мәселесі.
4. Целиноград ауданының пайдаланылмайтын жерлерін түгендеу және қайтару.
Баяндаушы: Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.
5. «Целиноград ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың 8 айы қорытындылары
Баяндаушы: Тайтөлеуова Саягүл Алтынбекқызы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды талдау жөніндегі бас инспектор.
Осы күн тәртібі бекітілсін дегендеріңіз, дауыс беріңіздер.
Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Күн тәртібі бекітілді.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті шақырылғандар!
Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарауға көшеміз.
«Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, жылумен жабдықтау ұйымдарын, тұрғын қоры мен әлеуметтік-мәдени мақсатындағы нысандарды 2024-2025 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындау барысы туралы».
Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Асылбек Мұратбекұлы Сафарбаевқа сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға С. Әшебеков:
Асылбек Муратбекұлына қандай сұрақтарыңыз бар?
Қанапин Серік Аллажарұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ақмол ауылының құрметті зейнеткері:
Менің сіздерге қояр сауалымды өтініш деп айтуға болады. Мен Ақмол ауылы Жаңажол көшесінде жеке үйде тұрамын. Қыс мезгілінде жел көтерілгенде, қазандықтағы барлық түтін мен күйе жеке үйлерге қарай ұшады. Осыған байланысты сыртқа шығу мүмкін емес. Сүзгіні орнату үшін қандай да бір шараларды қабылдаңыз, бізге өткен жылы жеткізуге уәде берілді, бірақ әлі күнге дейін жеткізілген жоқ.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Жақсы, қарастырамыз.
Нығметов Қайрат Қайроллаұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шалқар ауылының зейнеткері:
Шалқар ауылында су мұнарасынан қысым кезінде сары су шығады, келесі жылы жөндеуге бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндігі бар ма?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Жақсы, бұл мәселені қарастырамыз.
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Су жүргізу бойынша сумен жабдықталмаған ауылдар сумен жабдықталатын болады ма? Бұл мәселені 2015 жылдан бастап көтеріп келеміз, міне 2024 жылға да жеттік.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Атап айтқанда, қай ауыл?
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Барлық ауылдық округтер бойынша.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Суға арналған ұңғымаларды бұрғылау орындарында геология бойынша қорытынды жасау қажет.Ұзындығы 30 км «Покровка жер асты су орындарынан Талапкер және Қажымұқан ауылдарына дейін (Ақмешіт және Төңкеріс ауылдары арасында Кенжебай жер асты су орындары) су құбыры құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаны су ресурстары жөніндегі комитетке беру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Шағын ауылдарға қатысты не айтасыз?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Қандай шағын ауылдар?
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Семеновка, Қараменды батыр, Тастақ, Мортық. Осы елді мекендер ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады ма?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Қазір бұл жөнінде нақты ақпарат бере алмаймын. Менің білуімше, Мортық ауылында жоспар бойынша жоқ.
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Жаңаесіл ауылында қалай?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Сумен жабдықтау желілері құрылысы бойынша құрылыс бөлімі айналысады.
Кунакова Гүлбану Алитанқызы, Рахымжан Қошкарбаев ауылдық округінің әкімі:
Сарыкөл ауылына сумен жабдықтау модулі орнатылды ол бойынша екі жылдан бері жоба әзірленуде Осы жобаның қай кезеңде екенін және оны қашан аяқтау жоспарланғанын хабарлауды сұраймыз Сонымен қатар қазіргі уақытта біз «Целиноград Су Арнасы ШЖҚ МКК-не жүгіндік бірақ әлі ешқандай шара қабылданған жоқ Сүзгілер ауыстырылды бірақ су тұзды болып қалады Проблеманы жою және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды сұраймыз
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Су құбыры бойынша мәселелерге құрылыс бөлімі жауапты.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Құрметті Сағадат Қайыржанұлы, сумен қамтамасыз ету мәселесі Целиноград ауданы үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің жеке отырысын өткізу орынды деп санаймын. Жалғызқұдық туралы айтатын болсақ, бұл да бөлек тақырып. Біз бұл ақпаратты аудан әкіміне жеткіздік. Ол жобалары бар барлық елді мекендер келесі жылға арналған қаржыландыру жоспарына міндетті түрде енгізілетінін атап өтті.
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Лязат Амангелдіқызы, бұл – тұрғындар арасындағы кең таралған мәселелердің бірі.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Қанат Ғалымжанұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары ретінде, біз бұл мәселелерді отырыстарда жүйелі түрде көтеріп отырғанымызды атап өткім келеді, өйткені биылғы жылы қаржыландыруда қиындықтар туындады.
Байдильдина Жанар Еркенқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.
Лязат Амангелдіқызы, біз Тастақ ауылы бойынша әлеуметтік сауал жүргіздік және бізде аталған мәселе бойынша ешбір мәлімет жоқ.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Тасты және Тастақ ауылдары бойынша жеке жоба дайындалды: су құбыры бар және ұңғыма бұрғыланды. Ағымдағы жұмыстар аяқталғаннан кейін біз оларды келесі жылы қаржыландыру кезегіне қосуды жоспарлап отырмыз.
Ашебеков Сағадат Қаиржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Лязат Амангелдіқызы, осы мәселе бойынша бірлескен тыңдау өткізуді ұсынамын. Негізгі мәселе – қаржыландыру мәселесін егжей-тегжейлі талқылау үшін отырыстың Күні мен уақытын анықтау қажет. Егер объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалған болса, оны толық көлемде қарастыру маңызды деп санаймын.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Целиноград ауданының сумен жабдықтау картасын әзірлеуді және ол бойынша кезең-кезеңімен талқылауды ұсынамын: ағымдағы және жоспарланған объектілерді белгілеу, жұмыс мерзімдерін белгілеу және әрбір елді мекенге жауаптыларды тағайындау. Сондай-ақ Өтеміс ауылындағы жаңа мектеп бойынша нақтылауды сұраймын: қазандықтың экслуациялық (тұрмыстық) мәселелері – қосу, жабдықтау және қызмет көрсету шешілді ме?
Аппасов Зейнулла Қабылдаұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданынжа «Ауғанстандағы мүгедектер мен соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Өтеміс ауылындағы жаңа мектеп бойынша мәселе ішінара шешілді: жылыту қазандықтары орнатылды, алайда нысанның бір бөлігі ғана жабдықталған. Қалған жұмыстар жылыту маусымының басында аяқталады деп үміттенемін.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Асылбек Мұратбекұлы, мүлік иелерінің бірлестігіне қатысты мәселені де шешу қажет. Жыл өтіп, мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Осы мәселені ерекше бақылауға алуды сұраймын.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Алдыменаудантұрғындарыменкездесіп, барлықмәселелердіталқылаудыжоспарлап отырмын.ЖақындаменБақыт11жәнеБақыт12шағынаудандарыныңтұрғындарыменкездесуөткіздім.Көтерілгенмәселелердіқараудыжалғастырудыжоспарлап отырмыз.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Келесі сұрақ дайындық паспортына қатысты. Бұл мәселе бойынша қайда жүгіну керек?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Мемлекеттік қызмет электрондық болып табылады, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау www.egov.kz. «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына қатысты. Олардың барлығы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 301-бабына сәйкес паспорт алуға өтінім беруге міндетті, әкімшілік жауаптылыққа көзделген.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Сағадат Қайыржанұлы, құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері! Бізде анықталған бұзушылықтар туралы прокуратураның ұсынысы бар. Онда екі нақты талап көрсетілген: 1. «Целиноград коммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы қаулыны жою; 2. Сенімгерлік басқару шарттарын бұзу. Алайда, егер біз осы талаптарды дереу орындасақ, Ақмол ауылының жылумен жабдықтауға қосылмау қаупі туындайды.
Ашебеков Сағадат Қаиржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Бұл жағдайдан шығу жолдары бар ма?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Жағдайдан шығу жолдарын мен айта алмаймын.
Ашебеков Сағадат Қаиржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы қаулының күшін жоюға қандай құқықтық негіздер себеп болды?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Прокуратура мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы қаулыны және жасалған сенімгерлік басқару шарттарын заңсыз деп санайды.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Прокуратура Ақмол ауылын үздіксіз жылумен жабдықтау қажеттілігін ескере отырып, заңдылықты қамтамасыз ету үшін қандай шаралар немесе шешу жолдарын ұсынады?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Мәселені шешудің балама жолдары ұсынылмаған. Барлық процедуралардан қайта өту мүмкін, бірақ техникалық мәселелерді шешуге қосымша уақыт қажет. Бұл мерзімдердің бұзылу қаупін тудырады және Ақмол ауылын жылумен жабдықтауда үзілістерге әкелуі мүмкін, бұл халыққа теріс әсер етеді.
Ашебеков Сағадат Қаиржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Тағы қандай сұрақтарыңыз бар?
Сағынтаев Мәулет Сағынтайұлы, Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі:
Жалғызқұдық ауылында он жылға жуық уақыт бойы мәдениет үйінің қазандығын шығару мәселесі көтерілді. Осы нысан бойынша күрделі жөндеуге 11 млн. теңге сомаға жобалау-сметалық құжаттама дайындалды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге «Красноярское» АҚ қаражат бөлінді. Алайда, аудан тарапынан күрделі жөндеуге қаржыландыру ешқашан берілген жоқ. Бүгінгі таңда қазандық апатты жағдайда, түтін мұржасы құлады. Сұрақ туындайды: бұдан әрі не істеу керек – мәдениет үйін жабу немесе мәселені шұғыл шешу жолдарын іздеу керек пе?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Бұл мәселені жөнінде мәдениет бөлімімен талқылау қажет.
Сағынтаев Мәулет Сағынтайұлы, Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі:
Айта кету керек, бірде-бір маман ауылға барған жоқ және проблемамен сол жерде танысқан жоқ.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Қазіргі уақытта нысан жылыту маусымына дайын емес: қаржыландыру бөлінбеген, мәселе пысықталмаған. Бұл мәселені жабу немесе шұғыл жөндеу қажет. Бұл мәселе мәдениет бөлімінің құзыретіне жатады.
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Менің сұрағым жылу маусымына дайындық туралы емес. Өткен жылы жеке үйлерге көмір таситын жүргізушілер карьерге жіберілмеді. Бізден тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы тізім сұралды, бірақ бізге сұраудың себебін түсіндірмеді. Осы тізім не үшін қажет екенін және жүргізушілердің карьерге кіруі қандай негізде шектелгенін түсіндіруді сұраймын.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Рахымжан Шаматұлы, осы мәселемен сіз айналыстыңыз ба?
Уалшеев Рахымжан Шаматұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ клесімшарт бойынша маманы:
Бұл тапсырма Энергетика министрлігінен облыстық басқармаға, сол жерден – бізге келіп түсті. Мақсат - Шұбаркөл карьерінде дүрбелеңнің алдын алу, сондықтан көмірді жөнелту қатаң түрде тізімдер бойынша жүргізіледі. Өткен жылы олар дәл осындай схема бойынша әрекет етті. Биыл да осындай хат келіп түсті, қазір ауыл және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп көмір алушылардың тізімін пысықтап жатырмыз.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Білім бөлімінің мәліметінше, жанармайдың жалпы қажеттілігі 16,3 тоннаны, екі айлық қоры 4,6 тоннаны, нақты қол жетімділігі 0 тоннаны құрайды. Отынның болмау себебін түсіндіріп, уақтылы әкелу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанығы жайлы айтып өтіңіз.
Сатбалдин Қайыр Сағындықұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы:
Шын мәнінде, қалдық бар, бірақ қазіргі уақытта нақтыланған сандарға қатысты мәлімет жоқ.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Асылбек Мұратбекұлы, отын қоры жоқ деген ақпаратты қайдан алдыңыз?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Бұл ақпаратты білім бөлімінің мамандары ұсынды. Қазіргі уақытта оларда отын жеткізуге жасалған шарт жоқ, ал қолда бар жеткізілімдер қажетті көлемді жабу үшін жеткіліксіз. -10 градусқа дейін күрт салқындаған жағдайда көмірмен қосымша қамтамасыз ету қажет болады. Келісімшарттарыңыз жасасу сатысында.
Сатбалдин Қайыр Сағындықұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы:
Бізде бұрынғы маусымнан қалған отыр қоры бар.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Қанша?
Сатбалдин Қайыр Сағындықұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы:
Мен нақтылаймын.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Сізде толық ақпарат жоқ. Неліктен бұл мәселе қыркүйек айында ғана көтеріп отыр? Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі маусым-шілде айларында талқылануы керек еді. Бүгінгі таңда қажетті көлемде көмір жоқ, ал жылыту маусымы жақын. Мәдениет бөлімі, сізде жалпы отын қажеттілігі - 2,2 тонна, екі айлық қор – 0,6 тонна. Жанармаймен қамтамасыз етуде қандай да бір проблемалар бар-жоғын және жылыту маусымына уақытында дайындалуға уақытыңыз бар-жоғын түсіндіруді сұраймын?
Ахметова Айгерім Даниярқызы, «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы:
Қазіргі уақытта бізде қайта құру үрдісі жүріп жатыр.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Қайта құрылу қашан болды?
Ахметова Айгерім Даниярқызы, «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы:
Қайта құру 29 тамызда жүргізілді, электорндық цифрлық қолтаңба алынды.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Маусым айында бұл мәселе бойынша не істелді? Неліктен жағдай қазір ғана анықталды?
Ахметова Айгерім Даниярқызы, «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы:
Маусым айында біз әрекет ете алмадық, өйткені заң бойынша қайта құру үрдісі аяқталғанға дейін екі ай күту керек болды.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Асылбек Мұратбекұлы, баяндама басында нысандардың жылу беру маусымына дайындығы 97% құрайтынын хабарладыңыздар. Алайда, білім беру нысандары бойынша жағдай басқаша: жалпы қажеттілік 46,1 мың тонна, екі айлық қор шамамен 13,6 мың тоннаны құрауы керек. Бұл жалпы қажеттіліктің тек 15 пайызы және екі айлық қордың шамамен 50 % құрайды. Тіпті бір айлық қор толық қамтамасыз етілмеген - шамамен 25 %. Осылайша, 97% дайындық туралы айту әлі ерте.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Біздің қазандық бойынша жағдай келесідей: тамыз айында шарт жасалған сәттен бастап отын жеткізу бөліктермен жүзеге асырылады. Фотосуреттер бар, мен нысандарды аралап, жеткізу үрдісін қадағалап отырдым.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Сіз үлкен қазандық туралы айтып отырсыз, біз жалпы аудандағы жағдайды талқылаудамыз.
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Мектеп бойынша байқау қазір ғана аяқталды. Шарт жасалғаннан кейін отын жеткізу үрдісін барынша жеделдету қажет болады. Алайда, тіпті толық көлемді жеткізген кезде де қоймада проблема туындайды - мектептерде көмірдің көп мөлшерін сақтауға жеткілікті орын жоқ. Мен өзім 6-7 мектепті аралап шықтым және 300 тонна қорды сақтау шарттарын еш жерде көрмедім.Сондықтан әр қазандық үшін бір айға қанша көлем қажет екенін есептеу керек және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бұл көлемді резервпен ұстау керек.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Жақсы. Бейнежазба толығымен жүріп жатыр. Сізге Қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл және ауылдық округ әкімдері қойған сауалдар барлығы тіркелді. Қоғамдық кеңестің келесі отырысы ресми түрде сіз үшін өткізетін боламыз және барлық сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Соңғы болжамға сәйкес, осы аптаның соңына қарай температура минус 2-7 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Мектептердегі жағдай қалай болмақ? Білім нысандары бойынша толыққанды жұмыс жасаңыздар. Жоспар бойынша жылуды іске қосу қашан уақытқа жоспарланып отыр?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Ауа-райының жағдайына байланысты жылытуды шамамен 25-30 қыркүйек аралығында немесе қазан айының басында бастауды жоспарлап отырмыз.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Жақсы, қазан айының басында біз отырыс өткізіп, сізді тыңдайтын боламыз: қанша нысан жылытуға қосылған/қосылмаған. Әкімдердің дайындық паспортын ресімдеуге қандай тікелей қатысы бар? Оны дайындауға және беруге нақты кім жауапты?
Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы:
Егер нысан олардың меншігі болмаса - олар ресми түрде жауап бермейді. Алайда, лауазымдық нұсқаулықтар мен заңнама талаптарына сәйкес әкімдер жағдайды бақылауға, құжаттарды қайта тексеруге және нысандардың жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз етуге міндетті.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Округтің жай-күйі үшін жалпы жауапкершілік барлық өлшемдер бойынша әкімдерде қалады. Дайындық паспортына кім қол қояды? Бұл сұрақты нақтылау маңызды. Жалпы жауапкершілік әкімдерден алынбайды. Сондықтан келесі отырыста әкімдерден есепке дайын болуын сұраймын. Келесі аптада жазбаша есепті алдын-ала дайындап, оны қоғамдық кеңеске жіберіңіз. Біз Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, менің басшылығыммен үрдісті барынша жеделдету және барлық жылу жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету үшін күш біріктіреміз.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» Ммемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (Сафарбаев А.М.):
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, бюджеттік саланың кәсіпорындары мен ұйымдарын 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізілсін;
- жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пбекеттеріндегі барлық құрылыс, жөндеу және дайындық жұмыстарын кестеде белгіленген мерзімде аяқтау бойынша дереу шаралар қабылдасын;
- технологиялық аварияларды жою және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы дүлей зілзалалардың салдарын жою үшін негізгі және резервтік отынның нормативтік қорлары, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың авариялық қорлары құрылсын;
- «Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық барысы туралы» мәселені талқылау барлық айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, ағымдағы жылдың қазан айының басында қайта жүргізілсін. Келесі отырыста баяндамамен сөз сөйлесін;
- жылумен жабдықтаушы және жылумен жабдықтаушы желілік ұйымдардың жылу беру кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның жылу жүйелері нысандары бойынша көшпелі мониторинг жүргізілсін.
Ауылдар, ауылдық округ әкімдеріне ұсынылсын:
- энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспортын алуы туралы жұмысты жандандыру және келесі отырысқа ақпарат дайындасын.
Мемлекеттік жастар саясатын, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға, «Бастау Бизнес» оқуларына шағын несиелендіру мен гранттар алу туралы.
Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бас маманы Мақпал Сағынбайқызы Қалықоваға сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға С. Әшебеков:
Мақпал Сағынбайқызына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар бар ма?
Нығметов Қайрат Қайроллаұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шалқар ауылының зейнеткері:
5 миллион теңгеден алған осы 22 адам қандай ауылдарға бөлінді?
Қаликова Мақпал Сағынбайқызы, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бас маманы:
Бұл мәселені біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп пысықтап жатырмыз. Менде толық ақпарат жоқ, өйткені кредиттер беру «Атамекен» ҰКП арқылы жүзеге асырылады. Осы мәселе бойынша толық есепті сізге кәсіпкерлер Палатасы келесі баяндамада ұсынатын болады.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
8 адам алған 2-ден 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшердегі облыстық грант шеңберінде нақтылауды сұраймын: олардың қаншасы жұмысқа орналастырылды және қанша жұмыс орны құрылды?
Қаликова Мақпал Сағынбайқызы, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бас маманы:
Жұмыспен қамту мәселелері мансаптық орталық құзырына жатады.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Облыстық грантты 8 адам алды. Бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы ақпарат беруіңізді сұраймын. Кез келген инвестиция тиімділігінің негізгі көрсеткіші - жұмыс орындарын құру және салық түсімі. Нақты не жасалды? Қанша жұмыс орны құрылды? Грант алушылардан түсетін салық түсімдерінің сомасы қандай? Бақылау қаражатты пайдалану арқылы жүзеге асырыла ма? Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында 22 адам 5 миллион теңгеден грант алды. Тиімділігі қандай? Қандай жобалар ашылды, қандай салаларда – сауда, өндіріс? Субсидиялардың қандай сомасы игерілді? Нәтижелерге егжей-тегжейлі талдау жүргізу және жиынтық есеп беру қажет. Жыл сайын жаңа нысандар енгізіліп, олар үшін кадрларды іріктеу Enbek.kz. электрондық еңбек биржасының порталы арқылы жүзеге асырылады жұмыспен қамтылған жұмысшылардың саны туралы ақпарат беріңіз.
Біздің ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты шешілмеген мәселелер көп. Айта кету керек, шағын және шалғайдағы ауылдар (Шалқар, Красноярка, Сарыкөл, Рахымжан Қошқарбаев, Мортық, Арайлы) жеткіліксіз дамуда. Ауылдарда, әсіресе аталған ауыл шаруашылығы округтерінде бизнесті дамытуға инвесторларды белсенді тарту қажет. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі шағын және орта бизнесті дамытудың жай-күйі мен перспективаларына жеткілікті талдау жүргізбейді: бизнесті кеңейту тиімді болатын ауылдар анықталмаған, өндіріс бағыттары мен қажетті қолдау шаралары пысықталмаған. Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру үшін халыққа көмек көрсету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу қажет.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар алу, «Бастау Бизнес» оқыту туралы» кәсіпкерлік бөлімінің баяндамасы назарға алынсын және осы мәселе бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі көрсетілсін.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп перспективалы бизнес-идеялары бар кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізу қажет. Ауданның бизнес-климатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту.
- шағын және орта бизнесті құру мәселелері бойынша ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ауылдық округтердің тұрғындары арасында көшпелі мониторинг жүргізу.
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп талдау жүргізу.
- ауданның Қоғамдық кеңесін атқарылған жұмыстар және осы мәселе бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету. Ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жеке отырыста талқылауға жасалған талдау бойынша ақпарат берілсін.
Мемлекеттік жастар саясатын, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға, «Бастау Бизнес» оқуларына шағын несиелендіру мен гранттар алу туралы.
Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Целиноград ауданы филиалының директоры Ерұлан Сәбитұлы Төлешовқа сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға С. Әшебеков:
Ерұлан Сәбитұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар бар ма?
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті - қызмет көрсету және бизнесті дамытуға жәрдемдесу. Бірақ бұл мақсатты жариялау ғана емес, кәсіпкерлер шынымен қолдау алуы үшін қандай нақты қадамдар жасалғанын көрсету маңызды. Кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар мен кедергілер туралы айту керек. Жергілікті жерде сіздердің міндетіңіз - адамдар заңды түрде жұмыс істеп, салық төлей алатындай жағдай жасау. Бүгінде ауыл шаруашылығында салықтардың 98 % салықтан кететінін көріп отырмыз, ал салықтардың өздері іс жүзінде жоқ. Көптеген дүкендер чек бермейді, бұл салық түсімдерінің жоғалуына әкеледі. Сіз шағын және орта бизнесті дамытуға көмектескендіктен, кәсіпкерлер салық міндеттемелерін орындауға жауапты болуы керек. Нәтиже болған кезде сізден нақты ұсыныстар мен мерзімдер жайлы мәліме естігім келеді.
Төлешов Ерұлан Сәбитұлы, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Целиноград ауданы филиалының директоры:
Жалпы саны - 4537.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Олардан қанша салық түсті? Бұл бағытта бизнес өзіне ғана емес, халыққа да табыс әкелуі үшін дұрыс жұмыс жасауы керек. Сондықтан біз шағын және орта бизнеске осындай жеңілдіктер береміз. Қазір біз үшін басты мәселе -субсидиялар емес, төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрақты қаржыландыру. Дәл осындай жағдайларда жұмыс істеу ыңғайлы. Міне, сіздің жұмысыңыз. Сіз ауыл шаруашылығы субсидиялары бойынша кем дегенде бір рет аралап шықтыңыз ба? Біздегі берешек мөлшері қанша? Сіз жоғары тұрған ұйымға біздің ауданда қанша субсидия бар екендігі және оны ешкім алмағаны туралы ұсыныс беруіңіз керек. Бұл - сіздің нақты жұмысыңыз. Біз «Атамекен кәсіпкерлер палатасын» не үшін құрдық? Барлығы халық үшін, заң бойынша жұмыс істеуі үшін. Нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту, заң қызметтерін көрсету және кәсіпкерлік бөлімімен тығыз жұмыс істеу. Сондықтан бұл мәселені пысықтаңыз.
Талқылаудан кейін
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Целиноград ауданы филиалының директоры Ерұлан Сәбитұлы Төлешовтың «Мемлекеттік жастар саясатын, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға, «Бастау Бизнес» оқуларына шағын несиелендіру мен гранттар алу туралы» баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияларды табыс етудің ерекшеліктері мен тәртібі туралы кәсіпкерлік бөлімімен және салық инспекциясымен жұмысты күшейту.
- бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша көмек көрсету, тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу.
«Мемлекеттік жастар саясатын, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға, «Бастау Бизнес» оқуларына шағын несиелендіру мен гранттар алу туралы».
Целиноград ауданы мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы Айнұр Азаматқызы Маймақоваға сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға С. Әшебеков:
Айнұр Азаматқызына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар бар ма?
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Неліктен «Мансаптық орталығы» деп аталатынын түсіндіріп өтсеңіз.
Маймакова Айнұр Азаматқызы, Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыспен қамту орталығы таратылды. Оның орнында Мансап орталығы ашылды. Қазіргі уақытта біз аудандарда филиал ретінде жұмыс істейміз, ал бас кеңсе Көкшетау қаласында орналасқан. Бізде бухгалтерлік есеп жүргізілмейді.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны қанша?
Маймакова Айнұр Азаматқызы, Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы:
Бүгінгі таңда 422 адам, оның ішінде 138 адам уақытша жұмыс орындарында еңбек етуде.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Целиноград ауданы бойынша жұмыссыздар санының 422 адам екеніне сенімдісіздер ме?
Маймакова Айнұр Азаматқызы, Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы:
Бұл - ресми тіркелгендер саны.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Неліктен тіркелмейді?
Маймакова Айнұр Азаматқызы, Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы:
Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар санаты бар. Біз олармен жұмыс істейміз: телефон арқылы хабарласамыз, бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Заңға сәйкес, егер адам ұсынылған үш бос жұмыс орнынан бас тартса, олар тіркеуден шығарылады.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Сіз талдау жасайсыз ба? Жоқ. Талдау жасауды бастаңыз - сізге кім тыйым салады? Мен түсінбеймін: ресми түрде 422 адам тіркелген. Бұл сіздің кінәңіз емес, өйткені статистика бөлімі Сізге бұл деректерді ұсынып отыр. Статистика бөлімінен дәйекті ақпарат алу үшін сіз онымен жұмыс істеуіңіз керек. Аудан бойынша қанша адам тұрады?
Маймакова Айнұр Азаматқызы, Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы:
Соңғы мәліметтер бойынша 111 мың адам.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Бұл деректер де ресми болып табылады. Себебі, көптеген адамдар ауылдық жерлерде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген. Неліктен олар тіркелмейді? Олар көбінесе 4-5 жыл бойы үй салады, құжаттарды рәсімдемейді және нысанды пайдалануға қабылдамайды. Үйді тапсырғаннан кейін олар мүлік салығын рәсімдейді. Сондықтан ақпарат сенімді болуы үшін онымен дұрыс жұмыс істеу керек.
Талқылағаннан кейін
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданының мансаптық орталығы директорының міндетін атқарушы Маймакова Айнұр Азаматқызының «Мемлекеттік жастар саясатын, жастарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға, «Бастау Бизнес» оқуларына шағын несиелендіру мен гранттар алу туралы» мәселе бойынша баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы тұрақты бақылауды жүзеге асырсын және қоғамдық мониторинг жүргізілсін.
Төраға Әшебеков С.Қ:
Құрметті шақырылғандар!
Күн тәртібінің үшінші мәселесін қарауға көшеміз.
1. Целиноград ауданында бизнес және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну мәселесі.
2. Целиноград ауданының пайдаланылмайтын жерлерін түгендеу және қайтару.
Ақпарат үшін алу үшін «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Жәнібек Жүрсінұлы Тұрмұхамбетовқа сөз беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға Әшебеков С.Қ:
Жәнібек Жүрсінұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар?
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Нақты есеп беруіңізді сұраймын: қанша жер телімі қайтарылды, олар қандай себеппен қайтарылды, кімге берілді және бұл қандай экономикалық немесе әлеуметтік нәтиже шықты?
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Бұл жер телімдерін ерікті түрде қайтару. Белгілі бір жұмыс жүргізілуде: ағымдағы жылға 3 мың гектар жер жоспарланған. Бүгінгі таңда келіссөздер жүргізіліп, меншік иелері сендірілуде; жартысы - 1,5 мың гектар – әзірге тек талқылау деңгейінде қайтарылды. Өткен жылы 4 350 гектар қайтарылды. Қайтарудың нақты мысалдары: Шалқар ауылы, «Шалқар» ЖШС - 2 484 гектар, Қабанбай батыр ауылы, «Сабалақов» ШҚ - 200 гектар, Қабанбай батыр ауылы, «Айтәлім» ЖК - 40 гектар, Ақжар ауылы, «Есенжол» ЖШС - 639 гектар (жайылым).
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Алайдажайылым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне кетті.Сізшатастырмаңсыз.
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Құрметті әріптестер! Қазіргі таңда пайдаланылмайтын жерлерді тікелей алып қою біздің құзырымызға жатпайды. Бұл - заң талабы. Біз материалдарды космомониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне жібереміз.
Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Өткен жылы қанша жер қайтарылды?
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Болашақта бұл жұмыспен Департамент айналысады. Ол жерді пайдалану бойынша тексерулер жүргізеді. Егер бұзушылықтар анықталса, онда меншік иелері жауапқа тартылады, ал бір жылдан кейін қайта тексеру жүргізіледі, осы тексерудің нәтижелері бойынша Департамент жерді сот тәртібімен алып қою туралы талап қоя алады. Белгілі бір жақсартуды атап өткім келеді: тексеру мерзімі жеделдетілді. Бұрын үш тексеру жүргізу керек еді, мен жер қатынастары бөлімінде инспектор болып жұмыс істей отырып, барлық жинақталған материалдардың заңды күші жоқ және оларға сілтеме жасауға болмайтын жағдайға тап болдым. Мен қазір тексеруді бастадым, бірақ мораторий жарияланды. Дегенмен, 20-ға жуық шаруашылықты тексеріп, оларды цифрландыру мүмкін болды. Департамент құрылғаннан кейін бұл материалдарды тиісті құқықсыз қайтадан пайдалануға болмайды.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Жәнібек Жүрсінұлы, сіз жазалау жайлы айттыңыз. оСы жайлы толық түсіндіріп өтсеңіз.
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Осы субъект жерді пайдаланбайтыны туралы материалдарды жібердік делік. Кейін тексеру тағайындалады, оны жүргізу туралы акт жасалады және тапсырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйесі бойынша ветеринариялық қызметтен сұратылатын деректердің негізінде осы субъектінің мал басы 30% құрайтыны белгіленеді. Нәтижесінде оған әкімшілік айыппұл салынады және малды белгіленген мерзімде қажетті деңгейге жеткізу қажеттілігі туралы ұйғарым шығарылады.
Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы:
Айыппұл қанша?
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Шамамен 1070 теңге.
Акимов Рашит Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданының Құрметті азаматы:
Космомониторингпен қанша жер (немесе гектар) қамтылған және Целиноград ауданы бойынша пайдаланылмайтын жерлердің ауданы қандай?
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Космомониторинг нәтижелері бойынша жайылымдық алқаптардың ауданы 138 мың 602 га құрайтыны анықталды.
Акимов Рашит Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданының Құрметті азаматы:
Жалпы ауданы 138 мың 602 га 3 мың га алып қою көзделгені рас па?
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Космомониторинг нәтижелері бойынша 138 мың 602 га пайдаланылмайтын жер анықталды, олар бойынша ақпарат Департаментке жіберілді. Сонымен қатар, жерді тиісінше пайдаланбайтын адамдардан ерікті түрде қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Акимов Рашит Қайыржанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград ауданының Құрметті азаматы:
Бүгінгі күні аудан бойынша қандай егістік алқабы пайдаланылмайтын болып саналады?
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Қазіргі уақытта пайдаланылмаған егістік жерлер туралы деректер әлі түскен жоқ. Ақпаратты алғаннан кейін біз оны Департаментке жібереміз.
Теміров Қанат Ғалымжанұлы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы:
Жекелеген қатысушылар қайтыс болған немесе кеткен жағдайларда ЖШС үлестік меншігіндегі жер телімдерімен жағдайға талдау жүргізуді және мұндай жағдайларды реттеу бойынша ықтимал шараларды ұсынуды сұраймыз.
Тұрмұхамбетов Жәнібек Жүрсінұлы, «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.:
Мәселе біздің аудан үшін өзекті. Жергілікті атқарушы органның ЖШС ішкі істеріне араласуға және қатысушылардың қайтыс болу фактілерін дербес анықтауға құқығы жоқ. Алайда, белгілі бір уақыттан кейін біз тергеу органдарынан ақпарат аламыз. Егер мұрагерлер мұрагерлікке кірмеген болса, прокуратура мұндай жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдауды талап етеді. Сотқа талап қою үшін заңды негіздердің болуы қажет.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Жәнібек Жүрсінұлы Тұрмұхамбетовтың баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- Қазақстан Республикасы Аауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне берілген Целиноград ауданының пайдаланылмаған жерлерін түгендеу және алып қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат дайындалсын.
Ауылдық округ әкімдеріне ұсынылсын:
- жер қатынастары бөлімімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің нысаналы пайдаланылуына тұрақты бақылау жүргізілсін.
3. Осымәселе бойынша ақпараттыңсапасыздайындалуынажәнеАқмолаоблысыжерресурстарыбасқармасыдепартаментініңжеринспекторыАйгүл Науанқызы Рашитованың отырысқакелмеуінебайланыстыжоғарыда аталған мәселеніқарауЦелиноградауданыҚоғамдықкеңесініңкезектіотырысынаауыстырылсын.
Құрметті шақырылғандар!
Күн тәртібінің төртінші мәселесін қарауға көшеміз.
«Целиноград ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың 8 айы қорытындылары»
Төраға Әшебеков С.Қ:
Ақпарат алу үшін сөз «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды талдау жөніндегі бас инспекторы Саягүл Алтынбекқызы Тайтөлеуоваға беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін
Төраға Әшебеков С.Қ:
Саягүл Алтынбекқызына қандай сұрақтарыңыз бар? Сұрақтар жоқ!
Целиноград аудандық мәслихатының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды талдау жөніндегі бас инспекторы Саягүл Алтынбекқызы Тайтөлеуованың баяндамасы назарға алынсын.
2. ҰСЫНЫЛСЫН:
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және қоғамдық мониторинг қорытындылары туралы тұрақты бақылауды жүзеге асырылсын.
Төраға Әшебеков С.Қ:
Құрметті әріптестер!
Күн тәртібінің мәселелері қаралды. Қандай ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар бар? Жоқ.
Осымен, Қоғамдық кеңес отырысы жабық деп жарияланады.
Қатысқандарыңызға алғыс білдіремін!
Целиноград ауданы
Қоғамдық кеңесінің
төрағасы С. Әшебеков
Целиноград ауданы
Қоғамдық кеңесінің
хатшысы А. Хаметова