Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық Заң) 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына  және Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 маусымдағы № 32/30 «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін міндеттерінен босату туралы», 2025 жылғы 13 тамыздағы № 54/39 «№736 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін міндеттерінен босату және комиссия мүшесін тағайындау туралы шығарылғанның орнына», 2025 жылғы 27 тамыздағы № 65/44 «Учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің міндеттерінен босату туралы» қаулыларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты келесі учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды:

Учаскелік сайлау комиссиясы: № 676 – 1, № 679 – 1, №  680 – 1,  №  683 – 1,  № 736 – 1.

Сайлау комиссияларының құрамында барлығы 5 (бес) бос орын бар.

Осыған байланысты, саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден және Қазақстан Республикасының қалыптастырыушы сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 мекенжайы бойынша 2025 жылғы 08 қыркүйектен бастап 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Жауапты тұлға – Адильбекова Кымбат Шадаевна, № 401 кабинет, қызметтік телефон нөмірі 30-165, электронды пошта мекен-жайы - celin_maslihat@mail.ru

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы партияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 08 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы
Дата публикации
08 сентября 2025