Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ 12.07.2023 ж.

Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілу күні мен уақыты:

12 шілде 2023 жыл

сағат: 10.00  

 

Өткізілу орны:

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы

 

Қоғамдық кеңестің отырысын Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков ашып, жүргізеді.

Отырыс хатшысы – Яковенко Ксения Владимировна, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері мен шақырылғандар!

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі.

 

Қоғамдық кеңестің 15 мүшесінің 8-і келді, дәлелді себептермен 7-і келмеді.

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысын ашық деп жариялау үшін дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы ашық деп жарияланады.

 

Қоғамдық кеңес отырысына Целиноград ауданының әкімі Бахидбек Амантайұлы Оспанбеков, аудан әкімінің орынбасарлары Ерік Қуантайұлы Жиенбеков, Алма Көкішқызы Айткужинова, ауылдар, ауылдық округ әкімдері, ауданның мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының жедел есептілік жөніндегі орынбасары, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері.  

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері мен шақырылғандар!

 

Қоғамдық кеңес талқылауына келесі мәселелер енгізіледі:

 

1. Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі мүшелерін міндеттерінен босату және шығып қалғандардың орнына кеңес мүшелерін тағайындау туралы.

 

2. Целиноград ауданы аумағында міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің әрекеті туралы.

 

Ақпарат беруші: Абдуалиев Азат Исатайұлы, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының жедел есептілік жөніндегі орынбасары.

 

3. «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының «Ауылдық елді мекендердегі кентішілік жолдардың сапасы туралы».

 

Ақпарат беруші: Бектеміров Алимбек Асхатұлы, «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

4. Целиноград ауданының балалары мен жастарына арналған спорт секцияларының қолжетімділігі бойынша қоғамдық тыңдаулар.

 

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Укіметқызы, «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Искаков Сейфулла Әбдуұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Есімбеков Қуаныш Толғатұлы, «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

5. «Елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы.

 

Ақпарат беруші: Саматов Мақсатжан Мұханбетжанұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

 

6. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. 2023 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы».

 

Ақпарат беруші: Тайтолеуова Саягүл Алтынбекқызы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы.

 

Осы күн тәртібі бекітілсін дегендеріңіз, дауыс беріңіздер.

Кім қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.

Күн тәртібі бекітілді.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Құрметті шақырылғандар!

 

Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарауға көшеміз.

 

Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі мүшелерін міндеттерінен босату және шығып қалғандардың орнына кеңес мүшелерін тағайындау туралы.

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамынан Целиноград ауданы «Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Шәукенұлы Қапанов өз еркімен шығарылсын.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 15-бабы 2-тармағына, 9-бабына сәйкес Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына шығып қалғанның қалған мерзімі өкіліттігіне Мейрам Қалижанұлы Әміржанов енгізілсін.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамынан Целиноград ауданы Қараөткел ауылының тұрғыны Динара  Бигелдіқызы Абдрахманова өз еркімен шығарылсын.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 9-бабына, 15-бабының 3-тармағына сәйкес Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына шығып қалғанның қалған мерзімі өкіліттігіне Махаббат Сансызбайқызы Ирешова енгізілсін.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Құрметті шақырылғандар!

 

Күн тәртібінің екінші мәселесін қарауға көшеміз.

Целиноград ауданы аумағында міндетті медициналық сақтандыру  жүйесінің әрекеті туралы.

Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін  Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының жедел есептілік жөніндегі орынбасары. Азат Исатайұлы Абдуалиевқа сөз беріледі.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Азат Исатайұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының жедел есептілік жөніндегі орынбасары. Азат Исатайұлы Абдуалиевтың ақпараты назарға алынсын.

 

ҰСЫНЫЛСЫН:

- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысына тұрақты бақылауды жүзеге асырсын, қызмет мониторингі жүргізілсін және аудан әкімдігі оның нәтижелері туралы ақпарат берсін.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Құрметті шақырылғандар!

 

Күн тәртібінің үшінші мәселесін қарауға көшеміз.

 

«Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының «Ауылдық елді мекендердегі кентішілік жолдардың сапасы туралы».  

 

Осы мәселе бойынша ақпарат беру үшін «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алимбек Асхатұлы Бектеміровқа сөз беріледі.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Алимбек Асхатұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алимбек Асхатұлы Бектеміровтың ақпараты назарға алынсын.

 

ҰСЫНЫЛСЫН:

1. Аудан әкімдігі мен жоғары тұрған облыстық құрылымдарына жоспарлы жөндеуді қамтамасыз ету және күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету, қыржыландыру көздері мен көлемдерін анықтау бойынша нақты ұсыныстар енгізу мақсатында жалпы маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілсін.

 

Құрметті шақырылғандар!

Күн тәртібінің төртінші мәселесін қарауға көшеміз.

 

Целиноград ауданының балалары мен жастарына арналған спорт секцияларының қолжетімділігі бойынша қоғамдық тыңдаулар.

 

Осы мәселе бойынша ақпарат беру үшін «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Укіметқызы, Суюнжановаға сөз беріледі.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Айгүл Үкіметқызына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Укіметқызы, Суюнжанованың ақпараты назарға алынсын.

        ҰСЫНЫЛСЫН:

1. Телевизиялық сюжеттер, фильмдер, бейнероликтер, әлеуметтік желілер арқылы халықтың барлық нысаналы топтары үшін салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізсін.

2. Кенттер бөлінісінде құрылыстың қажеттілігі бойынша нақты деректерді анықтау мақсатында жұмыс істеп тұрған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізіліміне сәйкес түгендеу жүргізу және жұмыс мониторингтік топтардың елді мекендерге шығуын қамтамасыз етсін.

Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейфулла Әбдуұлы Искаковқа сөз беріледі.

 

Целиноград ауданының балалары мен жастарына арналған спорт секцияларының қолжетімділігі бойынша қоғамдық тыңдаулар.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау

                          

Төраға С. Әшебеков:

 

Сейфулла Әбдуұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейфулла Әбдуұлы Искаковтың ақпараты назарға алынсын.

 

ҰСЫНЫЛСЫН:

- жалпы білім беретін мектептер базасында балаларға арналған спорттық секциялардың ашылуын ұйымдастырсын.

 

 «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Толғатұлы Есімбековке сөз беріледі.

 

Целиноград ауданының балалары мен жастарына арналған спорт секцияларының қолжетімділігі бойынша қоғамдық тыңдаулар.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Қуаныш Толгатұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Толғатұлы Есімбековтың ақпараты назарға алынсын.

 

ҰСЫНЫЛСЫН:

- оқытылушылардың спорттық іс-шаралар мен жиындарға қатысу, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықталу бөлігінде балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұызметіне талдау жүргізілсін.

 

Құрметті шақырылғандар!

 

Күн тәртібінің бесінші мәселесін қарауға көшеміз.

 

«Елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы.

 

Осы мәселе бойынша ақпарат беру үшін «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы Мақсатжан Мұханбетжанұлы Саматовқа сөз беріледі.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Максатжан Мұханбетжанұлына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы Мақсатжан Мұханбетжанұлы Саматовтың ақпараты назарға алынсын.

 

ҰСЫНЫЛСЫН:

- Целиноград ауданы елді мекендерінің абаттандыру ережелері бекітілсін.

 

Құрметті шақырылғандар!

 

Күн тәртібінің алтыншы мәселесін қарауға көшеміз.

 

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. 2023 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы».

 

Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Саягүл Алтынбекқызы Тайтолеуоваға сөз беріледі.

 

Сөз сөйлегеннен кейін

Талқылау.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Саягүл Алтынбеккызына қандай сұрақтарыңыз бар? Ескертулер, ұсыныстар мен толықтырулар бар ма?

 

Сұрақ-жауап....

 

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Саягүл Алтынбекқызы Тайтолеуованың ақпараты назарға алынсын.

 

ҰСЫНЫЛСЫН:

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланылуы қамтамасыз етілсін;

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында атқарылатын жұмыс пен қоғамдық мониторинг қорытындалыра туралы тұрақты бақылау жүзеге асырылсын.

 

Төраға С. Әшебеков:

 

Құрметті әріптестер!

Күн тәртібінің барлық мәселелері қаралды. Қандай ескертулер, ұсыныстар, толықтырулар бар? Жоқ.

Осымен, Қоғамдық кеңес отырысы жабық деп жарияланады.

Қатысқандарыңызға алғыс білдіремін.

 

Целиноград ауданы

Қоғамдық кеңесінің

төрағасы                                                                     С. Әшебеков

 

Целиноград ауданы

Қоғамдық кеңесінің

хатшысы                                                                             К. Яковенко

Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ 12.07.2023 ж.
Дата публикации
08 сентября 2025