Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілу күні мен уақыты:
14 ақпан 2023 жыл
сағат: 10.00
Өткізілу орны:
Аудан әкімі аппаратының
мәжіліс залы, Ақмол ауылы.
Қоғамдық кеңестің отырысын Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков ашып, жүргізеді.
Отырыс хатшысы – Яковенко Ксения, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңестің 15 мүшесінің 15-інің барлығы толық келді.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысын ашық деп жариялау үшін дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы ашық деп жарияланады.
Қоғамдық кеңесі отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейфулла Әбдуұлы Ысқақов, Шұбар ауылы мектебінің директоры Мубарак Рымбекұлы Байшолақов шақырылды.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылғандар! Қоғамдық кеңес талқылауына келесі мәселе енгізіледі:
Шұбар ауылының 300 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысын алдағы қаржыландыру туралы.
Ақпарат беруші: Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Председатель Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков.
Осы күн тәртібі бекітілсін дегендеріңіз, дауыс беріңіздер.
Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Күн тәртібі бекітілді.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылғандар!
Отырыстың күн тәртібінің мәселесін қарауға көшеміз.
Шұбар ауылында жобалық қуаттылығы 120 орындық бңр мектеп бар. Оқытылушы орындаоының жеткіліксіздігі байқалады.2023 жылдағы оқытылушылардың шоғырлануы 170 оқытылушыны құрайды. Оқытылушылардың жыл сайынғы шоғырлануы ұлғаюда, соңғы 5 жылда 12 %-ға ұлғаю байқалады. Бала туылу мен олардың мектеп жасына жетулері есебінен ұлғаю байқалып отыр. Сондай-ақ көші-қонға байланысты ауыл халқының саны өсіп келеді.
Жаңа мектеп құрылысы 2021 жылы бастау алған, мектепті пайдалануға беру 2023 жылдың төртінші тоқсанында жоспарланып отыр. Қаржыландырудың тұрақсыздығына байланысты мектептің пайдалануға беруілуі кешігуі мүмкін – 2024 жылға ауыстырылып отыр.
Төраға С. Әшебеков:
Шұбар ауылы мектебінің директоры Мубарак Рымбекұлы Байшолақовқа сөз беріледі.
Алдағы уақыттағы қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты мектеп құрылысы тоқтап қалуы мүмкін.
Бүгінгі таңда мектеп құрылысы 30 % дайындықта. Құрылыс жұмыстары толық қуаттылықпен жүргізіліп жатқан жоқ. Осыған орай аталмыш мәселені қарастыруыңызды сұраймын.
Сөз сөйлегеннен кейін.
Талқылау.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
ҰСЫНЫЛСЫН:
Шұбар ауылы мектебінің директоры Мубарак Рымбекұлы Байшолақов Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының аталған хаттамасын «Ақмола облысының білім басқармасы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолдасын. «Ақмола облысының білім басқармасы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағдарлама әкімгерлерімен бірге мектеп құрылысын алдағы қаржыландыру және аяқтау бойынша барлық мәселелерді қысқа мерзімдерде пысықтау, аталған мәселені бақылауда ұстау ұсынылсын.
Төраға С. Әшебеков:
Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылғандар!
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе қаралды. Ескертулер, ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Осымен, Қоғамдық кеңес отырысы жабық деп жарияланады.
Целиноград ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Әшебеков
Целиноград ауданы
Қоғамдық кеңесінің хатшысы К. Яковенко