Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы         № 373/49-8        22 тамыз 2025 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті

қырық тоғызыншы

сессиясының

күн тәртібі туралы

               

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.

Баяндаушы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы билер Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 22.08.2025 ж. № 373/49-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
25 августа 2025