Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы          № 367/48-8         5 тамыз 2025 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

қырық сегізінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамы мен оның төрағасын сайлау туралы.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның құрамы мен оның төрағасын сайлау туралы.
  3. Целиноград аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер бойынша, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамы мен оның төрағасын сайлау туралы.
  4. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Ахынов Амангельды Бакитбекович, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Ахынов Амангельды Бакитбекович, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева   

Целиноград аудандық мәслихатының 05.08.2025 ж. № 367/48-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
20 августа 2025