Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Целиноград ауданының әкімдігі
Ақмол ауылы
2025 жылғы 15 шілде
№ А-7/168 қаулы
Целиноград аудандық мәслихаты
Ақмол ауылы
2025 жылғы 15 шілде
№ 362/47-8 шешім
Целиноград ауданының
Қабанбай батыр ауылдық
округінің Қызылжар, Қараөткел
ауылдық округінің Қараөткел және
Қажымұқан ауылдарында көше
атауларын беру туралы ұсыныстар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылжар ауылындағы:
№ 5 көшеге – Сағынтай Қалиманов көшесі;
№ 7 көшеге – Біләл Мұқашев көшесі атауы берілсін;
Қараөткел ауылындағы:
№ 19 шағын аудандағы көшеге – Қаппас Керкеев көшесі атауы берілсін;
Қажымұқан ауылындағы:
№ 1 шағын аудандағы № 1 көшеге – Темір Жолдаспаев көшесі атауы берілсін.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева