Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы          № 361/47-8        15 шілде 2025 жыл

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының кейбір

шешімдерінің

күшін жою туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2025 жылғы 03 шілдедегі № 03-46/1303 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

«Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы Республика көшесі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 мамырдағы № 319/46-6 шешімі;

«Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округінің Қосшы ауылының тұрғын үй алаптарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекіте отырып, құрылыстың Бас жоспарына өзгерістер енгізу туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы  25 желтоқсандағы № 469/70-6 шешімі.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                         Л. Конарбаева

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Целиноград ауданының әкімі

_____________ Д. Сабырғали

2025 жылғы ____ ________

 

«Целиноград ауданының

сәулет және қалақұрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________  А. Жанұзақ

2025 жылғы ____ _________  

 

 

«Целиноград ауданының

жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________ С. Айдаркулов

2025 жылғы _____ _________

Целиноград аудандық мәслихатының 15.07.2025 ж. № 361/47-8 "Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы" шешімі
Дата публикации
20 августа 2025