Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 345/45-8 11 маусым 2025 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8
«Учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 20-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 675 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Нурмагамбетова Ляззат Омаровна сайлансын;
№ 675 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Рысжанова Кундыз Муратовна сайлансын;
№ 690 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Касимова Меруерт Хабидоллаевна сайлансын;
№ 733 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Алиева Жанна Наурызбаевна сайлансын.
Целиноград аудандық
мәслихаты төрағасының
міндетін атқарушы А. Капанов