Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы        № 341/45-8     11 маусым 2025 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

қырық бесінші сессиясының

күн тәртібі туралы

              

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер бойынша, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамы мен оның төрағасын сайлау туралы.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 113/16-8 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 232/39-7 «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихаты төрағасының                                                

міндетін атқарушы                                                                     А. Капанов

Целиноград аудандық мәслихатының 11.06.2025 ж. № 342/45-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
19 августа 2025