Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 334/44-8 22 мамыр 2025 жыл
2024 жылға арналған ауылдар,
ауылдық округтер бюджеттерінің
орындалуы туралы жылдық есепті
бекіту туралы
Жоғарыда аталған мәселе бойынша Целиноград ауданының әкімі Д. С. Сабырғалидің, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М. Х. Рахимжановтың есептерін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихаты ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен 2024 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерін орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігі 127,7 пайызға орындалды және 975 520,6 мың теңгені құрады, 2023 жылмен салыстырғанда түсім 75 517,0 мың теңгеге ұлғайды. Бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуына жүргізілген талдау арқылы негізгі үлес жоғары тұрған органдардан түсетін трансферттер түсімдеріне тиесілі екені анықталды-1 089 653,3 мың теңге. Ауылдық округтер бойынша өз табыстары бөлінісінде салық түсімдерінің орындалуы 120,3 пайызды құрады, жоспар бойынша 576 995,4 мың теңге, бюджет кірісіне 694 181,4 мың теңге түсті, асыра орындалуы – 117 186,0 мың теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер 26 031,5 мың теңгені немесе 115,2 пайызды құрады.
Ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыс бөлігі 99,2 пайызға орындалып, 2 285 454,8 мың теңгені құрады. 2024 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін іске асыру ауданның ауылдық аумақтарын дамытуға оң әсерін тигізді.
Сонымен қатар, ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. Ауылдар, ауылдық округтер аппараттарының барлық мемлекеттік мекемелері бойынша салық түсімдері бойынша жоспарлар асыра орындалды. Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде бюджеттік жүйе қағидаттарының бұзылғанын көрсетеді.
2024 жылы игерілмеген қаражат сомасы 19 228,2 мың теңгені құрады. Мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын игермеуге жол берді, «Мәншүк Мәметова ауылының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 13 430,8 мың теңге игерілмеді, «Софиевка ауылдық округі әкімінің аппараты» 3 457,6 мың теңге игерілмеді, «Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің аппараты» 1 314,2 мың теңге игерілмеді.
Жоғарыда көрсетілген барлық және басқа да фактілер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабы 8-тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген бюджет түсімдерін болжау әдістемесінің бұзылуы болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының, Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қорытындылары, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының және Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымдарын негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер - 975 520,6 мың теңге:
салық түсімдері - 694 181,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 26 031,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 255 307,7;
трансферттер түсімдері - 1 089 653,3 мың теңге;
2) шығындар - 2 285 454,8 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
4) бюджет тапшылығы (профициті) - 298 725,9 мың теңге;
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 298 725,9 мың теңге;
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары - 666 804,1 мың теңге.
Есепті жылдың соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары – 280 321,8 мың теңгені құрайды.
1) Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау сапасын арттыруды бақылауды күшейту;
2) ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қаржылық есептілікті дұрыс және толық ұсынғаны, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді сапалы бергені үшін жауапкершілігін қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдау.
1) кірістердің түсімдер нысанасына ай сайынғы бюджеттік мониторингін жүргізу (2-43-нысан), жоспарланбаған кірістердің түсімдері болған кезде жоспарлы көрсеткіштерге уақтылы түзетулер енгізу;
2) ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау және пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
3) ауылға, ауылдық округке аудандық бюджеттен трансферттер, оның ішінде субвенциялар түрінде бөлінетін бюджет қаражатын уақтылы және толық көлемде игеруді қамтамасыз ету;
4) өз табыстарының үлесін ұлғайту жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастыру, салық салынатын базаға және бюджетке түсетін түсімдерге жыл ішінде кезең-кезеңімен мониторинг жүргізу;
5) ауылдың, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығына ауылдың, ауылдық округ бюджеттерінің орындалуы туралы есептер беруге міндетті.
1) бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту;
2) ауыл, ауылдық округ әкімінің бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуы, трансферттердің пайдаланылуы туралы есептерін қарау және талқылау.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
Д. Сабырғали
2025 жылғы 22 мамыр