Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы        № 329/43-8          2 мамыр 2025 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

қырық үшінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 184/23-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

 

 

Целиноград аудандық 

мәслихатының төрағасы                            Л. Қонарбаева                      

Целиноград аудандық мәслихатының 02.05.2025 ж. № 331/43-8 "Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы" шешімі
Дата публикации
18 августа 2025