Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы          № 328/42-8          15 сәуір 2025 жыл

 

 

Целиноград ауданы әкімдігі

жанындағы арнайы

комиссияның дербес

құрамын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 сәуірде № 03-47/800 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 267/34-8 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

          Целиноград аудандық                  

         мәслихатының төрағасы                                             Л. Конарбаева

 

                                                               

Целиноград аудандық мәслихатының

025 жылғы 15 сәуірдегі

№ 328/42-8  шешіміне қосымша

 

Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамы

Нуртазин

Аскар Айтмухамбетович

Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Назарова

Светлана Пайзуллаевна

«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бөлім меңгерушісі, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

 

Архабаева

Марал Жаксылыковна

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша);

 

Искаков

Сейфулла Абдуович

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

(келісім бойынша);

 

Капанов

Амангельды Шаукенович

«Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Кенжибеков

Гумар Серикович

Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің пробация қызметі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

 

Маренова 

Гульнара Кеншиликовна

 

Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Целиноград ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы (келісім бойынша);

Смагулова

Маржан Омаровна

 

«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

 

Тиісті ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (қажеттілігіне қарай)

Целиноград аудандық мәслихатының 15.04.2025 ж. № 328/42-8 "Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешімі
Дата публикации
18 августа 2025