Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 Ақмол ауылы       № 318/41-8       28 наурыз 2025 жыл

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының

2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8

«Целиноград ауданы әкімдігінің

дербес құрамын келісу туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 03-46/632 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» 2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамынан Өмірсадық Елдос Қайырұлы, Дюсебекова Айсулу Олжабаевна, Сулейменов Сакен Бейсембаевич шығарылсын және оның құрамына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Сулейменов Сакен Бейсембаевич, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Смагулова Маржан Омаровна, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Султан Айдаркулулы Айдаркулов енгізілсін.

С. Б. Сулейменовтің, М. О. Смагулованың, С. А. Айдаркуловтың кандидатуралары келісілді деп саналсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 28.03.2025 ж. № 318/41-8 "Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі
Дата публикации
15 августа 2025