Целиноград ауданының Қызыл суат ауылдық округінде құрылып жатқан ауылға атау беру туралы ұсыныс енгізу туралы

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ                                                                                                            

 

Целиноград ауданының әкімдігі

Ақмол ауылы

2025 жылғы 13 наурыз   

№ А-3/69 қаулы

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмол ауылы

2025 жылғы 13 наурыз   

№ 314/40-8 шешім

 

 

Целиноград ауданының

Қызыл суат ауылдық округінде

құрылып жатқан ауылға атау беру

туралы ұсыныс енгізу туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Целиноград ауданының Қызыл суат ауылдық округінде құрылып жатқан ауылға атау беру туралы келесі ұсыныс енгізілсін:

ауылға - Нұрлы деген атау берілсін.     

  1. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград ауданы әкімінің

міндетін атқарушы                                                              Ж. Толқынбек

 

 

Целиноград аудандық                 

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 13.03.2025 ж. № 314/40-8 "Целиноград ауданының Қызыл суат ауылдық округінде құрылып жатқан ауылға атау беру туралы ұсыныс енгізу туралы" шешімі
Дата публикации
15 августа 2025