Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы           № 304/38-8          4 ақпан 2025 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

отыз сегізінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

Целиноград ауданының Қызыл суат ауылдық округінде құрылып жатқан ауылға атау беру туралы ұсыныс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгуль Укиметовна, «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмыс тобы төрағасының орынбасары.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева     

Целиноград аудандық мәслихатының 04.02.2025 ж. № 304/38-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
15 августа 2025