Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде 2024 жылға арналған есебі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы    № 274/35-8   24 желтоқсан 2024 жыл

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының атқарылған

жұмыс жөнінде есебі туралы

 

Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, қоғамдық тәртіп пен заңдылық, депутаттық уәкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы А. Ш. Капановтың есебін тыңдай және талқылай келе, Целиноград аудандық мәслихаты 2024 жылдың есептік кезеңінде тұрақты комиссиялар өз өкілеттіктерін іске асыру бойынша нақты жұмыс жүргізгенін атап көрсетті. 

Тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарына сәйкес және ауданда мемлекеттік және аудандық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын бақылау мақсатында комиссия отырыстарында мемлекеттік мекемелер басшыларының келесі мәселелері бойынша есептері тыңдалды:

Целиноград ауданы халқының әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;

Целиноград ауданының жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі есеп;

2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы;

2023 жылғы Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы;

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы;

«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы;

2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы;

Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің 2025-2027 жылдарға арналған жобасы туралы.

Әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер мен Әдеп жөніндегі тұрақты комиссиямен 2 өтініш қаралды, аграрлық мәселелер, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері бойынша 2 өтініш қаралды.

Тұрақты комиссиялардың назарында бюджеттерді атқаруға және қалыптастыруға байланысты мәселелер тұрақты түрде болды. Ағымдағы жылы 2024 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу бойынша мәселелер 5 рет, ауылдар, депутаттардың бастамасы бойынша 2 рет, ауылдық округтер бюджеттеріне – 4 рет енгізілді. Бюджет қаражатының көп бөлігі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес тұрақты комиссиялар бюджет қаражатының тиімді және нысаналы атқарылуы жөніндегі атқарушы органдардың жұмысын объективті бағалауды қамтитын қорытындыны қарады, дайындады және 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті мамыр айында кезекті сессияның бекітуіне енгізді.

Әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия аудан әкімінің «Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныстарын қарады және 2 кандидатураға тиісті оң қорытынды шығарды.

Сонымен қатар, комиссиялар мен сессияларға мәселелерді алдын-ала қарауға және дайындауға көп көңіл бөлінді. Аудандық мәслихат депутаттары мен мамандарының құрамында уақытша жұмыс топтары құрылды.

2024 жылы уақытша комиссиялар ауданның аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізді.

Есепті 2024 жылы барлығы тұрақты комиссиялардың 16 отырысы өткізілді. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихаттың барлық депутаттарының сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді талқылауға белсенді қатысуын атап өткен жөн. Анықталған мәселелер, кемшіліктер қабылданған қаулыларда көрсетілген. Отырыстар аудан әкімі мен оның орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшылары мен ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық газет редакторының қатысуымен өтті.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізу туралы материалдар аудандық мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі беттерде және аудандық газеттерде жарияланады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары аудандық мәслихаттың қабылданған қаулылары мен шешімдерін бақылау жөніндегі функцияларды неғұрлым тиімді пайдалануы қажет.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары                    (Д. Б. Абдрахманова, А. Ш. Капанов, С. Ж. Кадыркенов) өз жұмысының тәсілі мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырсын, осы мақсатта:

жұмыс ұдайы жетілдірілсін, бұл жұмысқа жұртшылық тартылсын;

Целиноград аудандық мәслихаты сессияларының және тұрақты комиссияларының қарауына ең өзекті мәселелерді енгізу бойынша жұмысы жетілдірілсін;

мәселелерді сапалы және объективті дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құрып, жергілікті жерлерге шығу ұйымдастырылсын;

сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар берілсін және қажет болған жағдайда олар бойынша қосымша баяндамалар ұсынылсын;

өз құзыреті шегінде Целиноград аудандық мәслихатының комиссиясының қаулылары мен сессияларының шешімдерін іске асыру бойынша бақылау функцияларын мақсатты түрде жүзеге асыру.

  1. Аудандық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың жұмысын аса тиімді ету мақсатында:

аудандық мәслихатқа сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға, мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысу;

халықты тұрақты комиссиялардың жұмысы және депутаттық қызметі туралы белсенді хабардар ету.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары Д. Б. Абдрахмановаға, А. Ш. Капановқа, С. Ж. Кадыркеновқа жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 24.12.2024 ж. № 274/35-8 "Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі туралы" шешімі
Дата публикации
14 августа 2025