Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы    № 270/35-8   24 желтоқсан 2024 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті

отыз бесінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші:  Калымтай Беимбет Буркутулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі туралы.

Ақпарат беруші:  Капанов Амангельды Шаукенович, Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. 6. Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту, оны ұстау үшін шығыстар мен Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған қызметін қамсыздандыру туралы.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы           Л. Қонарбаева 

Целиноград аудандық мәслихатының 24.12.2024 ж. № 270/35-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
14 августа 2025