Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы     № 262/34-8     2 желтоқсан 2024 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

отыз төртінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 104/15-8 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркиновна «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркиновна «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы

  1. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Назарова Светлана Пайзуллаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Назарова Светлана Пайзуллаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 02.12.2024 ж. № 262/34-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
13 августа 2025