Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 230/30-8 20 қыркүйек 2024 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8
«Целиноград ауданы әкімдігінің
дербес құрамын келісу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2024 жылғы 18 қыркүйек № 03-41/1439 ұсыныс бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамынан Жиенбеков Ерик Куантаевич, Айткужинова Алма Кокишевна, Оспанов Серик Бейсембекович, Нуртазин Аскар Айтмухамбетович шығарылсын және оның құрамына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Нуртазин Аскар Айтмухамбетович, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Өмірсадық Елдос Қайырұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сулейменов Сакен Бейсембаевич енгізілсін.
А. А. Нуртазиннің, Е. Қ. Өмірсадықтың, С. Б. Сулейменовтың кандидатуралары келісілді деп саналсын.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева