Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы      № 227/30-8     20 сентября 2024 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

отызыншы сессиясының

күн тәртібі туралы

               

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Зекен Заманбек Қайыргелдыұлы «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық-бақылау жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Зекен Заманбек Қайыргелдыұлы «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық-бақылау жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 01 тамыздағы № 193/25-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Зекен Заманбек Қайыргелдыұлы «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық-бақылау жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 184/23-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Омаров Рустем Жоламанович, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 01 тамыздағы № 197/25-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сулейменов Сакен Бейсембаевич, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 20.09.2024 ж. № 227/30-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
11 августа 2025