Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы       № 179/23-8      28 маусым 2024 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

жиырма үшінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы.

Ақпарат беруші: Дюсебекова Айсулу Олжабаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Дюсебекова Айсулу Олжабаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Дюсебекова Айсулу Олжабаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркиновна, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Омаров Рустем Жоламанович, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 113/16-8 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 232/39-7 «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 28.06.2024 ж. № 179/23-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
07 августа 2025