Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 160/22-8 24 мамыр 2024 жыл
2023 жылға арналған аудандық
бюджеттің орындалуы туралы
жылдық есепті бекіту туралы
Жоғарыда аталған мәселе бойынша Целиноград ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. К. Жиенбековтың, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М. Х. Рахимжановтың есептерін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2023 жылға арналған аудан бюджетін атқару бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 101,0 пайызға, өткен жылғы деңгейден 1,8 пайызға жоғары орындалды. Салықтық және салықтық емес түсімдер тиісінше 110,5 және 104,6 пайызға орындалды (2022 жылы – 106,1 және 80,1 пайыз). Кірістердің жалпы сомасынан трансферттер түсімдері 100,0 пайызды құрады, өткен жылмен салыстырғанда аудандық бюджеттегі трансферттер түсімдерінің үлесі 8,7 пайызға азайды. Айта кету керек, аудандық бюджеттің түсімдері негізінен республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен жүзеге асырылады, аудандық бюджеттің жоғары тұрған бюджеттерден түсетін субвенциялар мен трансферттер түсімдеріне тәуелділігі сақталады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 2023 жылы атқарылу 22 058,5 мың теңгені немесе 75,1 пайызды құрады, өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 46 931,9 мың теңгеге төмендеді, жыл сайын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер азаяды (2022 жылы түсім - 529 982,2 мың теңгені, 2021 жылы – 565 071,9 мың теңгені құрады. 2020 жылы 584 598,5 мың теңге).
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 95,9 пайызға орындалды. Аудандық бюджет шығындарының негізгі сомасы «Көлік және коммуникация» функционалдық топтарына - 17 239 128,4 мың теңге немесе 42 пайыз, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» – 6 637 903,7 мың теңге немесе 16,1 пайыз, «өзгелері» - 8 876 911,4 мың теңге немесе 21,6 пайыз тиесілі.
2023 жылғы аудандық бюджеттің іске асырылуы ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Түскен қаражат негізінен мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.
Сонымен қатар, 2023 жылға арналған аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар.
Салықтық және салықтық емес түсімдерді талдау жекелеген түсімдер бойынша кірістерді жоспарлау бойынша жұмыс тиісінше жүргізілмейтіндігін айғақтайды:
2023 жылы жеке табыс салығы 112,2 пайызды құрады, жоспар бойынша 194 700 000,0 мың теңге бюджет кірісіне 218 456 970,4 мың теңге түсті, асыра орындалуы-23 756 970,4 мың теңге;
Жер салығы мүлдем жоспарланбаған, 14 461 614,0 мың теңге түскен;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімі 178 пайызды құрады, жоспар бойынша 11 700 000,0 мың теңге бюджет кірісіне 20 824 678,0 мың теңге түсті, асыра орындалуы-9 124 678,0 мың теңге;
2023 жылы салықтық емес түсімдердің орындалуы 104,6 пайызды құрады, жоспар бойынша 559 320 800 мың теңге бюджет кірісіне 585 230 369,3 мың теңге түсті, асыра орындалуы-25 909 569,3 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түскен түсім жоспар 29 384 600,0 мың теңге болған кезде 22 058 470,8 мың теңге түсті.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудандық бюджеттегі берешек сомасы 52 800 мың теңгені құрады, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8 400,0 мың теңгеге (2022 жылы – 44 400,0 мың теңге) ұлғайды.
Жыл қорытындысы бойынша берешектің үлкен сомасының болуы Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының берешегін өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіз деңгейі мен нәтижелілігін көрсетеді.
2023 жылғы кезеңде игерілмеген қаражат сомасы 1 миллиард 719 миллион 228 мың 531 теңгені құрады, оның ішінде: 24 632,4 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер, 1 456 265,6 мың теңге облыстық бюджеттен трансферттер, 134 375,5 мың теңге Ұлттық қордан трансферттер, 103 955,0 мың теңге – меншікті қаражат (аудандық бюджет).
Бюджет қаражатын игермеудің негізгі себептері: өнім берушінің келісімшарттық талаптарды орындамауы, жоспарланған іс-шараларды өткізудегі кідірістер, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу, қосымша келісімдер жасаспау, жобаларды түзету, мемлекеттік аудитті тексеру нәтижелері бойынша қаражатты қайтару, мемлекеттік сатып алу порталындағы техникалық қателер.
Қаражатты игермеудің ең көп сомасына құрылыс бөлімі – 1 101 976,3 мың теңге, тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі – 560 704,2 мың теңге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 80 891,1 мың теңге жол берді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы 156 095,7 мың теңгені, кредиторлық берешектің жалпы сомасы 12 247,6 мың теңгені құрады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2024 жылғы 19 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар қорытындылары, Целиноград аудандық Қоғамдық кеңесінің ұсынымдарын негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер-42 163 283,5 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 3 915 721,5 мың теңге; салықтық емес түсімдер 559 320,8 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 29 384,6 мың теңге; трансферттер түсімдері 37 658 856,6 мың теңге;
2) шығындар-42 924 459,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -17 503,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 165 600,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 183 103,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -113 672,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 113 672,9 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі – 158 580,5 мың теңге, қарыздарды өтеу – 1 725 944,7 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 681 037,1 мың теңге.
1) аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті төмендетуге және жоюға бағытталған шаралар қабылдасын;
2) бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне қол жеткізуді, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бақылауды күшейту;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сәйкес аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстарын атқару, нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігі қаралсын.
1) аудандық бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерінің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлерге, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) кезекті қаржы кезеңіне арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде аудан дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін неғұрлым сапалы пайдалануға, бюджетті атқару кезінде барлық болжанатын тәуекелдерді мұқият есептеуге;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілікті дұрыс және толық ұсынғаны, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді сапалы бергені үшін жауапкершілігін қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдауға;
4) дебиторлық және кредиторлық берешекті, оның ішінде мерзімі өткен берешекті қысқарту, оның одан әрі өсуі мен қалыптасуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуге;
5) шығыстардың жекелеген түрлері бойынша Целиноград ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлемдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қатаң қаржылық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етсін.
1) бюджет қаражатын, оның ішінде ағымдағы трансферттер мен даму трансферттерін уақтылы және толық көлемде игеруді қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалар шеңберінде көзделген жобаларды іске асыру мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуге;
2) өнім берушілер шарттық міндеттемелерді сақтамаған жағдайларда өнім берушілерден шарттық міндеттемелерді орындауға қол жеткізуге, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдауға;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды уақтылы жүргізуге, қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларын жасау кезінде көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар мен сатып алынған тауарлар үшін нақты төлем мерзімдерін ескеруге, мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеуге міндетті.
1) өз кірістерінің үлесін ұлғайту, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бар берешекті толық өтеу бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруға;
2) 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның өсуіне және толық таратылуына жол бермеу мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту және аудандық бюджетке берешекті төмендету жөнінде шаралар қабылдасын.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Е. Жиенбеков
2024 жылғы .