Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 157/21-8 3 сәуір 2024 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8
«Учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 20-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына, Целиноград ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 1 шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 675 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Смаилов Бекзат Токтасынович сайлансын;
№ 685 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Оракбаева Асель Бауыржановна сайлансын;
№ 737 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Онгарбаева Перизат Бугубайевна сайлансын.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2024 жылғы 03 мамырдағы
№ 157/21-8 шешіміне қосымша
№ 768 учаскелік сайлау комиссиясы
Талапкер ауылы Мұхтар Әуезов көшесі 23, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты