Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Целиноград ауданының әкімдігі
Ақмол ауылы
2024 жылғы 05 сәуір
№ А-4/96 қаулы
Целиноград аудандық мәслихаты
Ақмол ауылы
2024 жылғы 05 сәуір
№ 155/20-8 шешім
Целиноград ауданының
әкімшілік-аумақтық
құрылысын өзгерту туралы
ұсыныстар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қараөткел және Талапкер ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін және бес әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
Қараөткел ауылдық округі Қараөткел, Жаңажол ауылдарының шекараларында, округ орталығы Қараөткел ауылы;
Қаражар ауылы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде;
Талапкер ауылдық округі Талапкер ауылының шекарасында;
Қажымұқан ауылы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде;
Ыбырай Алтынсарин ауылы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков
Целиноград аудандық
мәслихаты төрағасы Л. Конарбаева