Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 142/18-8 1 наурыз 2024 жыл
Целиноград аудандық
мәслихат төрағасының
атқарылған жұмысы туралы
есебі туралы
Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Лязат Амангельдиновна Конарбаеваның атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін, Целиноград аудандық мәслихаты есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін іске асыруда мәслихаттың рөлін арттыруға бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
2023 жылдың есепті кезеңінде барлығы аудандық мәслихаттың 16 сессиясы өткізілді, оның ішінде 4 кезекті және 12 кезектен тыс сессиялар өткізілді, онда әртүрлі мәселелер бойынша 132 шешім қабылданды, оның ішінде құқықтық нормаларды белгілейтін 4 шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және тиісті нөмір беріле отырып, нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Аудандық мәслихат сессияларында аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджеттерін бекіту, орындау және нақтылау, индустриялық-инновациялық даму және қала құрылысы саясатын іске асыру, ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер, азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үй көмегі, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тағы басқа мәселелер қаралды. Аталған мәселелерді қарау аудан әкімінің және оның орынбасарларының, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептері арқылы жүзеге асырылды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары белгілі бір жұмысты жүргізді (төрағалар Д. Б. Абдрахманова, А. Ш. Капанов). Сессияда енгізілетін мәселелерді алдын ала қараудан басқа, тұрақты комиссиялардың отырыстарында 10 жоспарлы мәселе қаралды, олардың әрқайсысы бойынша тиісті қаулы қабылданды. Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 17 бірлескен отырысы өткізілді.
Сайлаушылармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Барлық сайлау округтерінде депутаттардың сайлаушылармен есептік кездесулері өтті. Есепті 2023 жыл ішінде сайлаушылармен барлығы 70 кездесу, жеке қабылдаулар өткізілді, оның ішінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында - 42, оның ішінде 2 онлайн.
Мемлекеттік және өзге де органдардың басшыларына электр, интернет, сумен жабдықтау, автомобиль жолдары, денсаулық сақтау, экология, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша 112 (2022 жыл - 82) депутаттық сауал жолданды және жауаптар алынды.
2023 жылы аудандық мәслихаттың 6 депутаты «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалында оқудың «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырудан өтті.
Аудандық мәслихаттың көптеген депутаттары өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерін орындаумен қатар, аудан әкімдігі жанындағы түрлі консультативтік-кеңесші органдардың, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракцияның жұмысына белсенді қатысады. Бұдан басқа, аудандық мәслихат депутаттары ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына қатысады, аз қамтылған отбасыларға, үйлері өртеніп баспанасыз қалғандарға материалдық көмек көрсетеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылы Қараөткел, Нұресіл, Родина және Мәншүк Мәметова ауылдық округтерінің әкімдері (кезекті және шығып қалғандардың орнына) сайланды.
Аудан халқын аудандық мәслихаттың және оның депутаттарының қызметі, қабылданатын шешімдер мен қаулылар туралы неғұрлым толық ақпараттандыру мақсатында мәслихаттың ресми сайтында 2023 жылға 84 құжат орнатылып, мәслихаттың қызметі туралы 35 жаңалық жарияланды, аудандық газеттерде депутаттардың 25 мақалалары мен жарияланымдары жарияланды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы қаңтардан бастап аудандық мәслихат сессияларының онлайн-трансляциясы енгізілді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, Целиноград аудандық мәслихаты регламентінің 36-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және бекіту;
2) аудандық бюджетті, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерін қабылдау және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту;
3) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсынымдар енгізу;
4) заңнамаға сәйкес сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
5) ауданды дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
6) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттің заңнамалық нормаларын орындауға жәрдемдесу;
7) аудандық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар беру;
8) халықпен кездесулер өткізу және оларды мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың жұмысымен, өзінің депутаттық қызметі туралы хабардар ету, ол үшін аудандық газеттер мен интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева