Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы          № 141/18-8        1 наурыз 2024 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті

он сегізінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград аудандық мәслихат төрағасының атқарылған жұмысы туралы есебі туралы.

Баяндама беруші: Конарбаева Лязат Амангельдиновна, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Ақпарат беруші: Дюсебекова Айсулу Олжабаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Айдаркулов Султан Айдаркулулы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Тулеубаев Токсанби Байжанович, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркиновна «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград  аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 01.03.2024 ж. № 141/18-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
06 августа 2025