Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 140/17-8 6 ақпан 2024 жыл
Целиноград аудандық
мәслихатының кейбір
шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2024 жылғы 06 ақпандағы № 140/17-8
шешіміне қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылған тізбесі
- Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 15/2-7 «Целиноград аудандық мәслихатының жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешімі;
- Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 55/11-7 «Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 15/2-7 «Целиноград аудандық мәслихатының жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;
- Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 88/16-7 «Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 55/11-7 «Целиноград аудандық мәслихатының жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі;
- Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 144/24-7 «Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 15/2-7 «Целиноград аудандық мәслихатының жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі.