Целиноград аудандық мәслихатының қала құрылысы мәселері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы           № 139/17-8          6 ақпан 2024 жыл

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының

қала құрылысы мәселері

бойынша кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/268 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-13 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының қала құрылысы мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:

«Целиноград ауданының ауылдарының салу Жалғызкұдуқ, Жарлыкөл, Жанаесіл, Оразақ, Отаутүскен, Приречное, Родина, Қараменді батыр, Тасты Бас жоспарларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 272/39-6 шешімінде және оған қоса берілген Приречное ауылын Бас жоспар құрылысының барлық мәтіні бойынша «Приречное» деген сөзі «Ақжар» сөзімен ауыстырылсын;

«Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 272/39-6 «Целиноград ауданының Жалғызқұдук, Жарлыкөл, Жаңаесіл, Оразақ, Отаутүскен, Приречное, Родина, Қараменді батыр, Тасты ауылдарын салу Бас жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»  Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі  № 64/13-7 шешімінде барлық мәтіні бойынша «Приречное» деген сөзі «Ақжар» сөзімен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 06.02.2024 ж. № 139/17-8 "Целиноград аудандық мәслихатының қала құрылысы мәселері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімі
Дата публикации
06 августа 2025