Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 137/17-8 6 ақпан 2024 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
2023 жылғы 30 наурыздағы № 5/1-8
«Сегізінші шақырылған Целиноград
аудандық мәслихатының тұрақты
комиссияларын құру туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының үш тұрақты комиссиялары құрылсын:
1) экономика және бюджет мәселелері бойынша;
2) әлеуметтік, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттың өкілеттіктер және этика мәселелері бойынша;
3) аграрлық мәселелер бойынша, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері бойынша.».
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Қонарбаева