Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту, оны ұстау үшін шығыстар мен Целиноград аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған қызметін қамсыздандыру туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы    № 110/15-8   25 желтоқсан 2023 жыл

 

 

 

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты

аппаратының құрылымы мен

штатын бекіту, оны ұстау үшін

шығыстар мен Целиноград

аудандық мәслихаттың

2024 жылға арналған қызметін

қамсыздандыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылға арналған Целиноград аудандық мәслихаттың құрылымы мен штаты 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Аппаратты ұстау және Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылға қызметін қамсыздандыру үшін 2-қосымшаға сәйкес шығыстар бекітілсін.
  3. Целиноград аудандық мәслихаты төрағасына Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген лимиті мен бөлінген ақша шегінде шарттық негізде штаттан тыс қызметкерлерді жалдауға құқық берілсін.
  4. Осы шешім қол  қойылған  күнінен  бастап  күшіне  енеді  және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап  қолданысқа енгізіледі.   

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 110/15-8 шешіміне 1-қосымша

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының

2024 жылға арналған құрылымы мен штаты

 

Лауазымдардың атауы

 

Штаттық бірліктердің саны

 

Мәслихат төрағасы

 

1

Аппарат басшысы

 

1

Бөлім басшысы

 

1

Бас мамандар

 

3

Барлығы

 

6

 

                   Целиноград аудандық мәслихатының

                    2023 жылғы 25 желтоқсандағы

                    № 110/15-8 шешіміне 2-қосымша

 

2024 жылға арналған Целиноград аудандық мәслихатының аппаратын ұстауға және қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар

 

112 001

Мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету

мың теңге

111            

Еңбекақы                                

24 948,0

112

Қосымша қаржылай төлемдер

3 970,0

113            

Өтемақы төлемдері

3 970,0

121            

Әлеуметтік салық

1 528,0

122           

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

780,0

124

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударым

755,0

131

Штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақы төлеу

2 880,0

135

Штаттан тыс жұмысшылар бойынша жұмыс берушілердің жарналары

708,0

136

Штаттан тыс қызметкерлердің Ел ішіндегі іссапар және қызметтік сапарлары

110,0

149

Басқа қорларды сатып алу

454,0

152

Байланыс қызметтеріне ақы төлеу

1 512,0

153

Көлік қызметтеріне ақы төлеу

3 804,0

158

Ақпараттандыру саласындағы қызметтер мен жұмыстарды төлеу

4 237,0

159

Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

833,0

161

Ел ішіндегі іссапар және қызметтік сапарлар

1 517,0

169

Басқа да ағымдағы шығындар

2 527,0

Барлығы

 

54533,0

112 003

Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік органның күрделі шығыстары

мың теңге

414

Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және тұрмыстық жабдықтарды сатып алу

186,0

Барлығы

 

186,0

112 005

Мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру

мың теңге

159

Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

642,0

161

Ел ішіндегі іссапар және қызметтік сапарлар

308,0

Барлығы

 

950,0

 

Целиноград аудандық мәслихатының 25.12.2023 ж. № 110/15-8 "Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту, оны ұстау үшін шығыстар мен Целиноград аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған қызметін қамсыздандыру туралы" шешімі
Дата публикации
05 августа 2025