Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде 2023 жылға арналған есебі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы № 105/15-8 2023 жылғы 25 желтоқсан

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының атқарылған

жұмыс жөнінде есебі туралы

 

Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық тәртіп пен заңдылық, депутаттық уәкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының төрағалары Д. Б. Абдрахманованың, А. Ш. Капановтың есептерін тыңдай және талқылай келе, Целиноград аудандық мәслихаты 2023 жылдың есептік кезеңінде тұрақты комиссиялар өз өкілеттіктерін іске асыру бойынша нақты жұмыс жүргізгенін атап көрсетті. 

Тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарына сәйкес және ауданда мемлекеттік және аудандық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын бақылау мақсатында комиссия отырыстарында мемлекеттік мекемелері басшыларының  келесі мәселелер бойынша тыңдалды:

2022 жылға арналған аудан бюджетінің, 2022 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы;

 Целиноград ауданы бойынша қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті қорғаудың жай-күйі туралы;

Целиноград ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс туралы;

Целиноград ауданында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы;

ауыл, ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыс туралы есебі (Ақмол, Оразақ, Рахымжан Қошқарбаев, Софиевка ауылдық округтері);

Целиноград ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

Целиноград ауданында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы;

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы.

Әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика жөніндегі тұрақты комиссиямен 2023 жылғы сәуірден бастап 3 өтініш қаралды.

Тұрақты комиссиялардың назарында бюджеттерді атқаруға және қалыптастыруға байланысты мәселелер тұрақты түрде болды. Ағымдағы жылы 2023 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу бойынша мәселелер 5 рет, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттеріне – 3 рет енгізілді. Бюджет қаражатының көп бөлігі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес тұрақты комиссиялар қарады, атқарушы органдардың бюджет қаражатының тиімді және мақсатты орындалуы бойынша жұмысына объективті баға беретін қорытынды дайындады және 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті мамыр айында кезекті сессияның бекітуіне енгізді.

Әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия аудан әкімінің «Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныстарын қарады және 2 кандидатураға тиісті оң қорытынды шығарды.

Сонымен қатар, комиссиялар мен сессияларға мәселелерді алдын-ала қарауға және дайындауға көп көңіл бөлінді. Аудандық мәслихат депутаттары мен мамандарының құрамында уақытша жұмыс топтары құрылды.

2023 жылғы қарашадан желтоқсан аралығында уақытша комиссия ауданның аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізді.

Есепті 2023 жылы барлығы тұрақты комиссиялардың 17 отырысы өткізілді. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихаттың барлық депутаттарының сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді талқылауға белсенді қатысуын атап өткен жөн. Анықталған мәселелер, кемшіліктер қабылданған қаулыларда көрсетілген. Отырыстар бұрынғыдай облыстық мәслихат депутаттарының, аудан әкімі мен оның орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшылары мен ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық газет редакторының қатысуымен өтеді.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізу туралы материалдар аitube -арнада, аудандық мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде және аудандық газеттерде жарияланады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары аудандық мәслихаттың қабылданған қаулылары мен шешімдерін бақылау жөніндегі функцияларды неғұрлым тиімді пайдалануы қажет.

Жоғарыда аталғанның негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.
  2. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары (Д. Б. Абдрахманова, А. Ш. Капанов) өз жұмысының тәсілі мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырсын, осы мақсатта:

жұмыс ұдайы жетілдірілсін, бұл жұмысқа жұртшылық тартылсын;

Целиноград аудандық мәслихаты сессияларының және тұрақты комиссияларының қарауына ең өзекті мәселелерді енгізу бойынша жұмысы жетілдірілсін;

мәселелерді сапалы және объективті дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құрып, жергілікті жерлерге шығу ұйымдастырылсын.

сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар берілсін және қажет болған жағдайда олар бойынша қосымша баяндамалар ұсынылсын;

мақсатты, өз құзыреті шегінде комиссия қаулылары мен Целиноград аудандық мәслихаты сессияларының шешімдерін іске асыру жөніндегі бақылау функциялары жүзеге асырылсын.

  1. Аудандық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың жұмысын аса тиімді ету мақсатында:

аудандық мәслихатқа сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға, мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;

халықты тұрақты комиссиялардың жұмысы және депутаттық қызмет туралы белсенді хабардар етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары Д. Б. Абдрахманова, А. Ш. Капановқа жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 25.12.2023 ж. № 105/15-8 "Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі туралы" шешімі
Дата публикации
05 августа 2025