Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы    № 103/15-8   25 желтоқсан 2023 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті

он бесінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндаушы: Куликенов Бауыржан Адылбекович, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс туралы есебі.

Ақпарат беруші:  Капанов Амангельды Шаукенович, № 2 сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихатының депутаты, әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. 2024 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Адылбекович, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі №  199/29-4 «Целиноград ауданының Қызыл суат, Шұбар, Аққайың ауылдарын салудың бас жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші:  Тулеубеков Даулет Мерекеевич, «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. 2023-2028 жылдарға арналған Целиноград ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Өмірсерік Асылхан Жанатұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  2. 7. Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту, оны ұстау үшін шығыстар мен Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған қызметін қамсыздандыру туралы.
  3. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 25.12.2023 ж. № 103/15-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
05 августа 2025