Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 101/14-8 19 желтоқсан 2023 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
он төртінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
«Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылы, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі, Мәншүк ауылы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 43/5-8 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Нурлан Серикказыевич Дулатов, «Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Қонарбаева