Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы         № 78/12-8        27 қараша 2023 жыл

 
 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

он екінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс  он екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 198/37-7 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Адылбекович, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.

  1. Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Дюсебекова Айсулу Олжабаевна, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 40/8-7 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Биркенов Самат Газизович, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық-бақылау бөлімінің басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 27.11.2023 ж. № 78/12-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
04 августа 2025