«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы          № 77/11-8           13 қазан 2023 жыл

                                              

 

«Целиноград ауданының

құрметті азаматы» атағын

беру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларының 19-тармағына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің ұсынымдары мен Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының қорытындылары негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ерекше еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін:

 

        Тимур

        Амангельдыевич

        Пшеновқа

 

«Мәншүк-АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

        Владимир

        Иванович

        Чмутовқа

«Целиноград коммуналдық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

 

  1. Аталған тұлғаларға куәлік, «Целиноград ауданының құрметті азаматы» төсбелгілері табыс етілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

             

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 13.10.2023 ж. № 77/11-8 "«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы" шешімі
Дата публикации
04 августа 2025